АУДАН ӘКІМІНІҢ ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУЛЕРІ БАСТАЛДЫ

    1 / 9

    Аудан әкімі А.Жақсылықовтың тұрғындармен есептік кездесулері Алтықарасу ауылдық округінен бастау алды. Алғашқы кездесулер Еңбекші, Сартоғай және Алтықарасу елді мекендерінде өтті.

    Кездесулерде округ әкімі Т.Макин 2025 жылы атқарылған жұмыстар мен 2026 жылдың алғашқы тоғыз айындағы нәтижелерді баяндады.

    Тұрғындармен ашық пікір алмасу барысында елді мекендерді абаттандыру, көшелерді жарықтандыру, инфрақұрылымды дамыту, инвестиция тарту, жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері көтерілді. Аудан әкімі айтылған ұсыныстар мен өзекті мәселелерді талқылап, ауылдардың әлеуетін арттыруға бағытталған міндеттерге тоқталды.

    Сапар аясында аудан басшысы Алтықарасу ауылында салынып жатқан ветеринариялық пункттің құрылысымен танысып, көктемгі су тасқынының алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды да қарады.

    Аудан әкімі округ әкіміне өңірдің мал шаруашылығын дамыту мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, кәсіпкерлерді қолдау және ауылда жаңа қызмет түрлерін қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жандандыруды тапсырды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Темір ауданы әкімдігі" жаңалықтары