2026 жылы Шарын ауылында санитариялық тазалық жұмыстары

    1 / 4

    2026 жылы Шарын ауылында санитариялық тазалық жұмыстары жүргізілуде.

    Ауыл аумағының тазалығын сақтау, санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту және қоршаған ортаның қолайлы жағдайын қамтамасыз ету мақсатында жүйелі түрде тазалық жұмыстары атқарылуда.

    Мемлекеттік сатып алу порталы арқылы 1 980 000 теңге көлемінде қаржы ұтып алған «Сердана Сервис» ЖШС Шарын ауылының аумағында санитариялық тазалық жұмыстарын жүргізуде.

    Жұмыс барысында ауыл көшелері мен қоғамдық орындарды тазалау, қоқыстарды жинау және аумақты ретке келтіру жұмыстары жүзеге асырылуда.

    Ауыл тазалығы – баршамызға ортақ жауапкершілік. Таза әрі көрікті ауыл қалыптастыру жолындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Ұйғыр ауданының Шарын ауылдық округінің әкімі аппараты" ММ" жаңалықтары