"Ауылым Шарын бойында"

    1 / 4
    2026 жылдың 14 қазан күні Алматы облысы әкімінің қолдауымен ұйымдастырылған «Ауылым – алтын бесігім» аудан, қала мәдениет күндерінің аудандық 
    кезеңі аясында «Ауылым – Шарын бойында» атты байқау Шарын ауылдық мәдениет үйінде жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
    Аталған мәдени шараның басты мақсаты – ауыл мәдениетін дәріптеу, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау, салт-дәстүрімізді жаңғырту, өнер мен мәдениетті дамыту,
    сондай-ақ ауыл тұрғындарының шығармашылық қабілеттерін таныту және жас ұрпақтың бойына туған жерге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.
    Байқау барысында қатысушылар өз өнерлерін ортаға салып, ән мен жырды, ұлттық дәстүр мен рухани мұраны ұштастыра отырып, көрермендерге көтеріңкі
    көңіл күй сыйлады. Әрбір өнер көрсетілімінен туған жерге деген құрмет, ауылға деген ыстық ықылас пен ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілік айқын аңғарылды.
    «Ауылым – Шарын бойында» атты байқау – Шарын өңірінің мәдени әлеуетін танытып қана қоймай, ауылдың бірлігі мен ынтымағын нығайтып,
    өнерпаздардың шығармашылығына жол ашатын маңызды мәдени іс-шара.
    Туған жердің тарихын танытып, ұлттық өнерді ұлықтаған тағылымды шара ауыл мәдениетінің өркендеуіне, рухани құндылықтардың насихатталуына
    және өнерге деген құрметтің артуына өз үлесін қосты.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Ұйғыр ауданының Шарын ауылдық округінің әкімі аппараты" ММ" жаңалықтары