"Ұйғыр ауданының Шарын ауылдық округінің әкімі аппараты" ММ

    Әкімдік туралы

    Ұйғыр ауданының Шарын ауылдық округі әкімінің аппараты (бұдан әрі – әкімнің аппараты) Шарын ауылдық округі әкімінің (бұдан әрі – әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.

    1. Әкімнің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Әкімнің аппараты туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

    2. Әкімнің аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары болады.

    3. Әкімнің аппараты өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.

    4. Әкімнің аппараты заңнамаға сәйкес мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

    5. Әкімнің аппараты туралы ережені, оның құрылымын Ұйғыр ауданының әкімдігі бекітеді.

    6. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 041816, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шарын ауылы, Касымов көшесі, № 21.

    7. Әкімнің аппаратын Ұйғыр ауданы әкімдігі құрады, қысқартады және қайта ұйымдастырады.

    8. Әкімнің аппараты жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады.

    9. Әкімнің аппаратына әкім аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан кәсiпкерлiк субъектiлерімен шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    ҚҰРЫЛТАЙ 2026

    2026 жылғы 23 тамыз күні Шарын ауылдық округіне қарасты №918 және №919 сайлау учаскелерінде «Құрылтай 2026» сайлауы жоғары деңгейде өтті. Ауыл тұрғындары сайлау учаскелеріне белсенді түрде келіп, өздерінің азаматтық таңдауын жасап, дауыс беруге толықтай атсалысты. Сайлау барысында тұрғындарға өз таңдауларын еркін білдіруге барлық жағдай жасалды. Ауыл халқының белсенділігі мен жауапкершілігі олардың ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсетті. «Құрылтай 2026» сайлауы – ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси үдерістердің бірі. Шарын ауылдық округінің тұрғындары да өз таңдауларын жасап, ауылдың және жалпы қоғамның дамуына өз үлестерін қосты. Сайлау учаскелерінде қоғамдық тәртіп пен сайлау талаптары сақталып, дауыс беру үдерісі белгіленген тәртіппен ұйымдастырылды. Белсенділік танытып, азаматтық ұстанымдарын білдірген барша ауыл тұрғындарына алғыс білдіреміз.

    25 тамыз 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Мемлекеттік қызметкерлерді құттықтау

    Құрметті мемлекеттік қызметшілер! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мемлекеттік қызметшілер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекеттік қызмет – үлкен жауапкершілік пен адалдықты талап ететін абыройлы міндет. Сіздер халық пен билік арасындағы алтын көпір болып, елдің дамуы мен тұрғындардың әл-ауқатын арттыру жолында аянбай еңбек етіп келесіздер. Күнделікті қызметтеріңіз арқылы азаматтардың сенімін ақтап, қоғамның тұрақтылығы мен өркендеуіне өз үлестеріңізді қосып жүрсіздер. Ауылымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына, тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған еңбектеріңіз үшін баршаңызға шынайы алғысымды білдіремін. Сіздердің кәсібиліктеріңіз, жауапкершіліктеріңіз бен елге деген жанашырлықтарыңыз әрдайым жоғары бағаланады. Осы айтулы мереке күні сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, қызметтеріңізге табыс пен толағай жетістіктер тілеймін. Ел игілігі жолындағы еңбектеріңіз жемісті болып, абыройларыңыз арта берсін! Мемлекеттік қызметшілер күні құтты болсын! Құрметпен, Шарын ауылдық округінің әкімі Б.А.Алғазиев

    22 маусым 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Аттестат тапсыру

    Шарын ауылдық округіндегі Қонаев атындағы орта мектебінде 9 сынып түлектеріне аттестат тапсыру салтанатты рәсімі өтті. Мерекелік іс-шараға мектеп ұжымы, ұстаздар, ата-аналар, ауыл тұрғындары мен құрметті қонақтар қатысты. Салтанатты жиын барысында мектеп директоры түлектерді маңызды белеспен құттықтап, оларға жарқын болашақ, толағай табыс пен биік белестер тіледі.

    18 маусым 2026 ж.Тікелей
    Средняя школа им. Д. Кунаева Чарынского сельского округа
    ОтырысАяқталды

    Конституция күні қос қуаныш

    Конституция күні қос қуаныш! Бүгі Шарын ауылында қос мереке. Ауыл тұрғындарының көптен күткен қуанышы - күрделі жөндеуден өткен мәдениет үйі пайдалануға берілді. Осы игілікті іс Қазақстан Ркспубликасының Конституциясы күнімен қатар ұйымдастырылып, мерекенің мамұны мен маңызы арта түсті. Жаңарған мәдениет ошағы - ел игілігіне қызмет ететін маңызды нышан болса, Конституция күні-тұғырлы Тәуелсіздігіміздің тірегі.

    3 қыркүйек 2025 ж.Тікелей
    Дом культуры Шарынского сельского округа
    ОтырысАяқталды

    жиналыс

    2024 жылдың 12 желтоқсан күні Шарын ауылдық округі әкім аппаратының мәжіліс залында мекеме басшылары және қоғамдық ұйым мүшелерінің қатысуымен жиналыс өткізілді. Жиналыста талқыланған басты мәселе мекемелердің апта ішіндегі атқарған жұмыстары ауыл тұрғындарының баспасөзге жазылуы туралы айтылды.

    12 желтоқсан 2024 ж.Тікелей
    Зал заседаний акимата Шарынского сельского округа
    Ақпарат

    Экономикалық паспорт

    Шарын ауылдық округі Алматы облысы Ұйғыр ауданының құрамына кіреді. Округтің әкімшілік орталығы – Шарын ауылы. Округ құрамында 1 елді мекен бар. Экономикалық сипаттамасы Шарын ауылдық округінің экономикасының негізгі бағыты – ауыл шаруашылығы. Округте мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы дамыған. Мал шаруашылығы бойынша ірі қара, қой-ешкі және жылқы өсіру кеңінен жүргізіледі. Жергілікті тұрғындардың басым бөлігі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен және жеке кәсіпкерлікпен айналысады. Ауылдық округтің жалпы жер көлемі 11 287 гектарды құрайды. Оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 10 109 гектар, елді мекен жерлері – 1 178 гектар, жайылым көлемі – 5 012 гектар. Округте шамамен 8 538 бас ірі қара, 7 000 бас ұсақ мал және 1 755 бас жылқы тіркелген. Округте шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істейді. Сауда, қызмет көрсету, шаруа қожалықтары және жеке кәсіпкерлік ауыл экономикасының дамуына үлес қосуда. Мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсіпкерлікті қолдау, инфрақұрылымды дамыту және ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Қорытынды Шарын ауылдық округі табиғи ресурстары мен ауыл шаруашылығы әлеуеті жоғары өңірлердің бірі болып табылады. Экономиканың негізгі тірегі – аграрлық сектор. Болашақта ауыл шаруашылығы өндірісін әртараптандыру, шағын бизнесті дамыту, инвестиция тарту және инфрақұрылымды жақсарту округтің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер етеді.

    Жарияланды: