Қызметкерлер — "Ұйғыр ауданының Шарын ауылдық округінің әкімі аппараты" ММ

    "Ұйғыр ауданының Шарын ауылдық округінің әкімі аппараты" ММ басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    2
    Алғазиев Болат Акимқанүлы
    Әкім

    Алғазиев Болат Акимқанүлы

    Шарын ауылдык округінің әкімі

    Алғазиев Болат Аким, осы Шарын ауылында туып-өстім. Білімім жоғары. 1972-1982 жылдары Шарын орта мектебінде орта білімін алып, сол жылы күзде азаматтық борышын өтеуге әскер қатарына алындым. 1984 жылы әскери борышын өтеп келген соң «Алматы гидромелиоративті техникумына» оқуымды жалғастырдым. 1987-1993 жылдары су шаруашылығы мекемесінде «инженер-гидротехник» болып жұмыс істедім. 1993-1998 жылдар аралығында «Гулистан» өндірістік кооперативінде есепші болып жұмыс атқардым. 1998 жылы наурыз айынан бастап Шарын ауылдық округі әкімі аппаратына хатшы болып жұмысқа орналастым. 2004 жылы Талдықорған қаласындағы «Темірқазық» академиясын экономист мамандығы бойынша сыртай бөлімін тәмәмдадым. 2002 жылдан бастап осы аталған әкім аппаратында әкімнің орынбасары қызметін атқардым. 2010 жылы желтоқсан айында Тасқарасу ауылының әкімі болып тағайындалдым. 2011 жыл 26 қаңтардан бастап Шарын ауылдық округінің әкімі болып, осы күнге дейін жұмысын атқарудамын.

    Курбанов Фаиз Тохтахунұлы
    Әкімінің орынбасары

    Курбанов Фаиз Тохтахунұлы

    Шарын ауылдық округінің әкімінің орынбасары

    Курбанов Фаиз Тохтахунұлы 1967жылы 23 тамыз күні Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шарын ауылында дүниеге келген. 1974-1984жылы мектепте окыған.Бітіргенне кейн екі жыл колхозда істеген. 1986жылы 9 мамыр армияға шақырылып, 11 мамыр күні Украинадағы Бердичев қаласында оқыту-жатығуда алты ай болды. Одан кейн Чехославакияның Карло – Вары деген қалаға алып кетеді. Сол жерде 1988 жылы 26 мамырға дейін болды. Армиядан келіп Алматыдағы ауыл шаруашылық институтына даярлау курсқа түсіп, 1989 жылы оқуға түседі. 1994 жылы экономист мамандығын бітіреді. Барлық оқуды сырттай оқиды.1989-1991 жылы Шарын селолық депутаттар кеңесінде әскері учет бойынша жұмыс атқарған. 1991-1995 жылы колхозда істеді. 1996 жылдан бастап осы күнге дейін Шарын ауылдық әкімі аппаратында істеп жатыр.