
Өмірбаян
Алғазиев Болат Аким, осы Шарын ауылында туып-өстім. Білімім жоғары. 1972-1982 жылдары Шарын орта мектебінде орта білімін алып, сол жылы күзде азаматтық борышын өтеуге әскер қатарына алындым. 1984 жылы әскери борышын өтеп келген соң «Алматы гидромелиоративті техникумына» оқуымды жалғастырдым.
1987-1993 жылдары су шаруашылығы мекемесінде «инженер-гидротехник» болып жұмыс істедім. 1993-1998 жылдар аралығында «Гулистан» өндірістік кооперативінде есепші болып жұмыс атқардым. 1998 жылы наурыз айынан бастап Шарын ауылдық округі әкімі аппаратына хатшы болып жұмысқа орналастым. 2004 жылы Талдықорған қаласындағы «Темірқазық» академиясын экономист мамандығы бойынша сыртай бөлімін тәмәмдадым. 2002 жылдан бастап осы аталған әкім аппаратында әкімнің орынбасары қызметін атқардым.
2010 жылы желтоқсан айында Тасқарасу ауылының әкімі болып тағайындалдым. 2011 жыл 26 қаңтардан бастап Шарын ауылдық округінің әкімі болып, осы күнге дейін жұмысын атқарудамын.
- 01.09.1982 – 30.04.1987. Алматы гидромелиоративтік техникумының студенті.
- 09.06.1987 – 26.11.1987. №99 жылжымалы механикалық лагерь жұмысшысы
- 23.12.1987 – 24.03.1988. № 29 жылжымалы механикалық лагерь монтажшысы
- 25.03.1988 – 15.01.1989. Шарын су шаруашылығы гидрометр инженері.
- 15.01.1989 – 04.03.1993. Шарын су шаруашылығының технигі.
- 03.04.1993 – 15.02.1997. "Гүлстан" колхозының құрылысшысы.
- 15.02.1997 – 09.02.1998. "Гүлстан" өндірістік кооперативінің бухгалтері.
- 15.03.1998 – 15.01.2000. Шарын ауылдық округінің хатшысы.
- 01.09.1999 – 20.07.2005. "Темиказық" институтының студенті.
- 15.01.2000 – 20.05.2002. Шарын ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.
- 20.05.2002 – 01.11.2010. Шарын ауылдық округі әкімінің орынбасары.
- 01.11.2010 – 08.12.2010. Шарын ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.
- 08.12.2010 – 26.01.2011. Тасқарасу ауылдық округінің әкімі.
- 26.01.2011 – 15.08.2017. Шарын ауылдық округінің әкімі.
- 15.08.2017 – 12.12.2017. Шарын ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы.
- 12.12.2017 – 29.07.2021. Шарын ауылдық округінің әкімі.
- 29.07.2021-осы күнге дейін. Шарын ауылдық округінің әкімі.
