2026 жылдың қараша айында ауылымыздың тумасы, елге жанашыр, тұрақты демеушіміз АДавутов Арманжан Шарын ауылының тұрғындарына тағы бір мәрте қайырымдылық қолын созды.
Қыс мезгілінің жақындауына орай ауылымыздағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін 10 отбасына әрқайсысына 2 тоннадан, жалпы көлемі 20 тонна көмір таратып, игі іске мұрындық болды.
Бұл – жай ғана материалдық көмек емес, ауылдастарына деген жанашырлықтың, қамқорлық пен адамгершіліктің айқын көрінісі. Қыстың қақаған аязында отбасылардың отын-суын қамдап, көңілдеріне жылу сыйлаған демеушіміздің бұл ісі көпке үлгі боларлық.
Осындай туған жеріне жанашырлық танытып, ауылдастарына үнемі қолдау көрсетіп жүрген азаматтарға алғысымыз шексіз!
Давутов Арманжанға жасаған игі ісі еселеніп қайтсын! Деніне саулық, отбасына амандық, кәсібіне береке, еңбегіне табыс тілейміз! Әрдайым елдің алғысына бөленіп, абыройы асқақтай берсін!
Жақсылық жасаудан жалықпайық! Қайырымдылық – адамдықтың асыл қасиеті.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









