Шарын ауылында Ақсақалдар кеңесінің жылдық есебі

    1 / 3

    Шарын ауылында Ақсақалдар кеңесінің жылдық есебі тыңдалды

    2026 жылдың 29 қазан күні Шарын ауылдық әкімдігі аппаратының мәжіліс залында Ақсақалдар кеңесі төрағасының жылдық есебі бойынша жиналыс өткізілді.

    Жиынға аудандық Ақсақалдар кеңесінің мүшелері, «Асыл ана» кеңесінің төрайымы, ауыл ақсақалдары мен белсенді жастары қатысты.

    Кездесу барысында Ақсақалдар кеңесінің жыл бойы атқарған жұмыстары қорытындыланып, жүзеге асырылған іс-шаралар мен қоғамдағы өзекті мәселелер талқыланды. Сонымен қатар ауылдағы қоғамдық келісімді сақтау, ұрпақ тәрбиесі, ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету және жастарға өнегелі тәрбие беру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Жиын барысында аудандық Ақсақалдар кеңесінің мүшелері өз ой-пікірлерін ортаға салып, атқарылған жұмыстарға қатысты ұсыныстарын білдірді. Ауыл ақсақалдары мен жастар арасында пікір алмасу ұйымдастырылып, аға буынның өмірлік тәжірибесі мен ақыл-кеңесінің жас ұрпақ үшін маңыздылығы атап өтілді.

    Кездесу соңында Ақсақалдар кеңесінің алдағы кезеңдегі жұмыс бағыттары айқындалып, ауылдың қоғамдық өміріне белсенді араласу, бірлік пен ынтымақты нығайту, өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтарды насихаттау бағытындағы жұмыстарды жалғастыру қажеттігі айтылды.

    Осындай тағылымды кездесулер ауыл тұрғындарының ауызбіршілігін арттырып, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға және қоғамдағы өзара сыйластықты қалыптастыруға зор үлес қосады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Ұйғыр ауданының Шарын ауылдық округінің әкімі аппараты" ММ" жаңалықтары