🇰🇿 РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Құрметті ауыл тұрғындары, қадірлі жерлестер!
Сіздерді еліміздің ең ұлық мерекелерінің бірі – 25 қазан Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Республика күні – еліміздің тәуелсіздік жолындағы тарихи қадамын айқындайтын, ұлттық бірлігіміз бен елдігімізді дәріптейтін ерекше мереке. Бұл күн – ата-бабамыздың асыл арманы орындалып, Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасқанын айшықтайтын маңызды күн.
Отанымыздың өркендеуі мен халқымыздың игілігі жолындағы еңбектеріңіз жемісті болсын! Әр шаңыраққа амандық, береке-бірлік, молшылық пен бақ-дәулет тілеймін. Еліміз тыныш, көгіміз ашық, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! Көк байрағымыз әрдайым биікте желбіреп, Қазақстанымыз дами берсін!
Мереке құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Ізгі ниетпен,
Шарын ауылдық округінің әкімі Б.Алғазиев








