Суық қарудың заңсыз айналымының алдын алу

    1 / 3

    2026 жылдың 9 қараша күні Шарын ауылдық округі әкім аппаратының мәжіліс залында суық қарудың заңсыз айналымының алдын алу мақсатында ауылдық округтің әлеуметтік нысандарының қызметкерлері мен тұрғындарының қатысуымен ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды.

    Кездесудің негізгі мақсаты – тұрғындар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, суық қаруды заңсыз сақтау, алып жүру және пайдалану жағдайларының алдын алу, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

    Іс-шара барысында қатысушыларға суық қарудың заңсыз айналымына қатысты қолданыстағы заңнама талаптары түсіндіріліп, заңсыз қару сақтаудың және оны пайдаланудың құқықтық жауапкершілігі туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, қару-жараққа қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу, күмәнді жағдайлар анықталған кезде тиісті құқық қорғау органдарына хабарлау қажеттілігі айтылды.

    Кездесу барысында тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды. Қатысушыларға ақпараттық-түсіндіру материалдары ұсынылды.

    Осындай профилактикалық іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын тауып, ауылдық округ аумағында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында жұмыстар жүргізілетін болады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    ""Ұйғыр ауданының Шарын ауылдық округінің әкімі аппараты" ММ" жаңалықтары