ШАРДАРА АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

    1 / 9
    Шардара ауданының әкімі Арман Романұлы Қарсыбаев аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдау өткізді.
    Қабылдау барысында тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үй кезегінің жай-күйі, мемлекеттік тұрғын үйді мұрагерлік тәртіппен беру және газбен қамту мәселелері көтерілді.
    Атап айтқанда, тұрғындар тұрғын үй алу, тұрғын үй кезегіне сәйкес баспанамен қамтылу мерзімін нақтылау, 2024 жылы мемлекеттен берілген тұрғын үйді балаларына мұрагерлік тәртіппен рәсімдеу мүмкіндігі және газ мәселесіне қатысты өтініштерін жеткізді.
    Аудан әкімі тұрғындардың өтініштерін мұқият тыңдап, көтерілген мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар берді. Әрбір өтініш қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қаралып, шешу жолдары зерделенетін болады.
    Тұрғындардың өтініштерін қарау барысында жауапты мекемелерге мәселелердің мән-жайын анықтап, заң аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізу және мүмкіндігінше нақты шешімдер ұсыну міндеттелді.
    Тұрғындармен тікелей байланыс орнату, олардың өтініштеріне құлақ асып, көтерілген мәселелердің шешілуін бақылауда ұстау – аудан әкімдігі жұмысының басым бағыттарының бірі.
    Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шардара ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары