ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ: ЖАҢА ЖҮЙЕ, ЖАҢА ТАЛАПТАР

    1 / 6
    2027 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік төлемдерді тағайындау кезінде мұқтаждық қағидаты ескеріледі
    Шардара ауданында 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілетін әлеуметтік қолдау жүйесіндегі өзгерістерді түсіндіруге арналған ақпараттық кездесу өтті.
    Жиынға арнайы келген Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Беркинбаева Айжан Асанқызы, зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас мамандары Сыздықова Айжан Еркінбекқызы мен Сапарбаева Эльвира Асылханқызы жаңа жүйенің негізгі бағыттарын түсіндіріп, қатысушыларға жан-жақты ақпарат берді.
    Кездесуге аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы мен мамандары, қала және ауылдық округ әкімдері, әлеуметтік сала қызметкерлері, Мансап орталығының директоры мен мамандары, ішкі саясат бөлімінің басшысы, аудандық полиция бөлімінің басшысы, сондай-ақ халықпен тікелей жұмыс істейтін мекемелердің басшылары мен қызметкерлері қатысты.
    Жаңа жүйенің басты мақсаты – әлеуметтік көмектің атаулылығын арттырып, мемлекеттік қолдауды азаматтардың нақты әлеуметтік-экономикалық жағдайына сәйкес бағыттау.
    Жиында Айжан Асанқызы 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік төлемдердің 14 түрін тағайындау кезінде Отбасының цифрлық картасы арқылы отбасының әл-ауқат деңгейі ескерілетінін атап өтті.
    Бұл өзгерістер Отбасының цифрлық картасындағы «А» және «В» санаттарына жататын отбасыларға қатысты. Жаңа тәсіл әлеуметтік төлем алушылардың барлығын бірдей қолдаудан айыруды емес, нақты мұқтаждықты ескере отырып, әлеуметтік қолдауды неғұрлым әділ әрі атаулы түрде ұсынуды көздейді. Отбасының әл-ауқат деңгейі өзгеріп, заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, азаматтың тиісті әлеуметтік төлемді алу құқығы қайта қаралуы мүмкін. Бұл ретте әрбір төлем бойынша қолданыстағы заңнамада көзделген талаптар басшылыққа алынады.
    Құқықтық негізі
    Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 24-бабы Отбасының цифрлық картасына қатысты негізгі құқықтық нормаларды белгілейді. Аталған бапқа сәйкес, Отбасының цифрлық картасы отбасылардың әлеуметтік әл-ауқатының деңгейін айқындауға мүмкіндік беретін талдамалық құрал болып табылады. Оның мәліметтері заңнамаға сәйкес әлеуметтік қорғау шараларына әлеуетті мұқтаж азаматтар мен отбасыларды анықтау үшін пайдаланылады.
    Сонымен қатар отбасының әлеуметтік әл-ауқатын бағалау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен әдістемеге сәйкес жүргізіледі. Бұл ретте мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі деректер негізінде отбасының әлеуметтік-экономикалық жағдайы кешенді түрде бағаланады.
    Жаңа тәртіпті іске асыру барысында азаматтардың әлеуметтік құқықтарын сақтау, төлемдерді тағайындау кезінде заң талаптарын басшылыққа алу және халыққа өзгерістердің мәнін дұрыс түсіндіру маңызды.
    Мемлекеттік органдардың міндеті – азаматтарды ақпараттандыру, олардың сұрақтарына нақты жауап беру және әлеуметтік қолдау шараларының қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету. Сондықтан жаңа жүйе туралы түсіндіру жұмыстарының маңызы зор.
    Кездесу соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, сала мамандарынан нақты жауаптар алды. Мұндай кездесулер әлеуметтік сала қызметкерлерінің жаңа талаптарды дұрыс түсінуіне, тұрғындарға сапалы кеңес беруіне және халықпен жүргізілетін жұмыстың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
    Әлеуметтік қолдау – мемлекеттің азамат алдындағы маңызды міндеттерінің бірі. Ал оның әділ әрі атаулы болуы – шын мәнінде көмекке мұқтаж отбасыларды дер кезінде қолдаудың негізі.
    Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шардара ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары