Сіздерді Шардара ауданы прокурорының қатысуымен «Инвест Керуен» жобасы аясында өтетін маңызды кездесуге шақырамыз!
Кездесудің мақсаты – аудан аумағында кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай жасау, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысында туындайтын өзекті мәселелерді талқылау, кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының ұсыныс-пікірлерін тыңдау және олардың қызметіне кедергі келтіретін мәселелерді анықтау.
Кездесу барысында кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау, заң талаптарының сақталуы, инвестициялық жобаларды іске асыруға қолдау көрсету, сондай-ақ кәсіпкерлер мен инвесторлардың мәселелерін шешу жолдары қарастырылады. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдіруге және құзырлы органдар өкілдерінен тиісті түсініктемелер алуға мүмкіндік алады.
Бұл – ауданның экономикалық әлеуетін арттыруға, кәсіпкерлік бастамаларды қолдауға және мемлекет пен бизнес арасындағы өзара байланысты нығайтуға бағытталған маңызды басқосу.
Құрметті аудан тұрғындары, кәсіпкерлер, инвесторлар мен шаруа қожалықтарының өкілдері! Сіздерді кездесуге белсенді қатысып, өзекті мәселелеріңізді ортаға салуға шақырамыз!
Сіздің ұсынысыңыз – аудан дамуына қосылған үлес! Бірлескен диалог – нақты шешімдердің бастауы!









