ДИҚАН ЕҢБЕГІ – ЕЛ ЫРЫСЫ: ШАРДАРА АУДАНЫНЫҢ ДИҚАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

    1 / 5
    Түркістан облысы – Қазақстандағы мақта өсіретін бірден-бір өңір. Ақ алтынды аймақтың абыройын асқақтатып, ел ырысын еселеп жүрген еңбек адамдарының еңбегі қашанда құрметке лайық!
    Дүниежүзілік мақта күніне орай Түркістан облысында өткен «AQ-DALA – 2026» салтанатты іс-шарасында ауыл шаруашылығы саласының үздіктері марапатталды. Мерекелік жиында облыс әкімі Нұралхан Көшеров көпшілікті құттықтап, өңірдің аграрлық саласындағы жетістіктерге тоқталды.
    Айтулы шарада Көксу ауылының тұрғыны, «Аян» шаруа қожалығының төрағасы Айбек Айтбай Алтыбайұлы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сейпілұлы Сапаровтың «Еңбек ардагері» төсбелгісімен марапатталды.
    Сүткент ауылының абыройын асқақтатып жүрген еңбек адамдары да лайықты марапаттарға ие болды. Атап айтқанда, «Балта» фермерлік қожалығының төрағасы Шыныбеков Бекет Балтаұлы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Ауыл шаруашылығының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
    Ал «Жаныбек Е» шаруа қожалығының төрағасы Жаныбек Елбек Исенбекұлына ауыл шаруашылығы министрінің Құрмет грамотасы табысталды.
    Сондай-ақ «Береке» шаруа қожалығының төрағасы Кулбаев Нурлан Дүйсенұлы мен «Алтай» шаруа қожалығының төрағасы Алтай Ерғали Бектанұлы облыс әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.
    Көксу ауылының тұрғыны, «Ердос» шаруа қожалығының төрағасы Кеншім Баймаханбет Мұсырманқұлұлына облыстық мәслихат төрағасының Құрмет грамотасы табысталды.
    Бұл марапаттар – тынымсыз еңбек пен маңдай тердің, туған жерге деген жанашырлық пен кәсіпке деген адалдықтың лайықты бағасы. Диқанның еңбегі – елдің берекесі, ауылдың ырысы. Ақ алтынның әрбір түйірінде дала төсінде төгілген тер мен табанды еңбектің ізі жатыр.
    Шардара ауданының атын шығарып, ауыл шаруашылығының дамуына үлес қосып жүрген азаматтардың жетістігі – барша ауылдастар үшін мақтаныш. Олардың еңбегінің еленуі – кейінгі ұрпаққа үлгі, ауыл еңбеккерлеріне зор жігер беретін өнеге.
    Құрметті марапат иелері!
    Марапаттарыңыз құтты болсын! Еңбектеріңіз еленіп, абыройларыңыз асқақтай берсін! Далаңыз дариядай өнімге толып, несібелеріңіз арта берсін! Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін нығайту жолындағы еңбектеріңіз жемісті болып, ауылдарыңыздың мерейін үстем ете беріңіздер!
    ЕҢБЕК ЕЛЕНСЕ – ЕЛ ҚУАНАДЫ, ДИҚАНЫ ДАҢҚҚА БӨЛЕНСЕ – АУЫЛ МЕРЕЙІ ӨСЕДІ!
    Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шардара ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары