ҰСТАЗДЫҚ – ҰЛАҒАТТЫ МАМАНДЫҚ

    Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
    Ұстаз – ұрпаққа білім беріп қана қоймай, оның бойына адамгершілік пен жауапкершілік, елге деген сүйіспеншілік пен еңбекқорлық қасиеттерін сіңіретін, қоғамның рухани дамуына өлшеусіз үлес қосатын ардақты мамандық иесі.
    Сіздердің күнделікті еңбектеріңіз бен шәкірттерге деген жанашырлықтарыңыздың нәтижесінде талай жас биіктерді бағындырып, түрлі салаларда ел игілігіне қызмет етіп келеді. Бүгінгі шәкірт – ертеңгі ел тірегі. Сондықтан ұстаз еңбегінің қоғамдағы орны қашанда ерекше.
    Шардара ауданында білім саласын дамытуға, ұстаздардың кәсіби біліктілігін арттыруға және жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруге ерекше мән берілуде. Бұл бағыттағы жұмыстардың нәтижесінде аудан мектептерінің білім көрсеткіштері жақсарып, оқушыларымыз түрлі пәндік олимпиадаларда, ғылыми жобаларда, шығармашылық және спорттық жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетіп келеді.
    Осы жетістіктердің барлығында Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз бен кәсіби шеберліктеріңіздің үлесі зор.
    Құрметті ұстаздар!
    Сіздерге жас ұрпақтың болашағы жолындағы жауапты да абыройлы еңбектеріңізге толағай табыс, мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен береке тілеймін. Шәкірттеріңіздің жетістігі мен алғысы сіздерге әрдайым қуаныш сыйласын!
    Ұстаз еңбегі – ұлт болашағына салынған ең үлкен инвестиция. Ұрпақ тәрбиесіндегі еңбектеріңіз жемісті, абыройларыңыз асқақ болсын!
    Ұстаздар күні құтты болсын!
    Шардара ауданының әкімі
    Арман Қарсыбаев
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шардара ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары