Өндірістік жарақат

    Өндірістік жарақат деп қызметкердің еңбек міндеттерін орындау кезінде алған және еңбекке қабілеттілігінен айырылуына әкеп соққан денсаулығының зақымдануы танылады.

    Мұндай жағдайларда медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығымен бекітілген Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

    Өндірістік жарақат алған кезде азамат ең алдымен қажетті емдеу-диагностикалық іс-шаралардан өту үшін медициналық ұйымға жүгінуі қажет.

    Егер уақытша еңбекке жарамсыздық төрт ай бойы сақталса, дәрігерлік-консультациялық комиссия (ДКК) азаматты медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберуге негіздердің бар-жоғын қарайды. Тиісті негіздер болған жағдайда МӘС-тен өту үшін № 031/е нысаны бойынша қорытынды ресімделеді.

    Өндірістік жарақат алған кезде маңызды құжаттардың бірі еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы акт болып табылады. Жұмыс істейтін азаматтар үшін уақытша еңбекке жарамсыздық парағы да қажет.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Департаменті" жаңалықтары