ШҚО-да бір аптада 1 мыңнан астам жол ережесін бұзу дерегі тіркелді

    ШҚО-да бір аптада 1 мыңнан астам жол ережесін бұзу дерегі тіркелді

    20–27 қазан аралығында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 1 145 дерегін анықтады.

    Жиі кездесетін құқық бұзушылықтардың қатарында маневр жасау қағидаларын бұзу (ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы) және қауіпсіздік белдігін тақпау (ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы) бар.

    Жолдағы ең қауіпті әрекеттердің бірі – көлікті мас күйде басқару. Жуырда өңірде алкогольдік масаң күйде болған, жүргізуші куәлігі жоқ 33 жастағы әйел бөтен көлікті айдап кетпек болған. Соның салдарынан автокөлікке шамамен 2,5 миллион теңге көлемінде залал келген.

    Полиция мас күйде көлік жүргізу, жол қозғалысы ережелерін елемеу және қауіпсіздік талаптарын сақтамау ауыр зардаптарға әкеліп, адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін ескертеді.

    Өзіңіздің де, өзгенің де өмірін қатерге тікпеңіз. Жол ережелерін сақтап, қауіпсіздік белдігін тағыңыз. Алкоголь ішкеннен кейін көлік жүргізбеңіз.

    «Заң мен тәртіп» қағидаты баршаға ортақ.

    ШҚО ПД баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары