«Тегін заң көмегі» акциясы

    1 / 2

    Атырау облысы Әділет департаментінің бастамасымен «Заң және тәртіп» қағидаттарын
    ілгерілету аясында Құрманғазы ауданы Ақкөл ауылында Департамент басшысының орынбасары М.А. Музатованың қатысуымен «Тегін заң көмегі» акциясы өткізілді.
    ✅Аталған акция халыққа қолжетімді әрі сапалы құқықтық көмек көрсетудің, жарқын үлгісіне айналды.
    ✅Іс-шараның негізгі мақсаты - азаматтардың құқықтық және қаржылық
    сауаттылығын арттыру, сондай-ақ қолданыстағы заңнама нормаларын кеңінен түсіндіру болды.
    ✅Акция барысында Департамент басшысының орынбасары М.А. Музатова тұрғындардың құқықтық сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, облыстық әлеуметтік реттеу саласының, еңбек инспекциясының, жергілікті прокуратура, полиция бөлімі өкілдері, кірістер, тұрғын үй және жер қатынастары бөлімдері, жұмыспен қамту қызметі мамандары, адвокат, нотариус және жеке сот орындаушылары халыққа жан-жақты заңгерлік кеңестер ұсынды.
    ✅Тұрғындар сауалдарына нақты әрі түсінікті жауаптар алып, өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тимді тетіктерімен танысты. Атап айтқанда, шоттарға тыйым салу жане оларды бұғаттау мәселелері, заңды тұлғаларды және жылжымайтын мүлікті тіркеу бағытында құқықтық кеңестер, мұралық іс, алаяқтық фактілері бойынша сондай-ақ әлеуметтік, тұрғын үй, отбасылық және еңбек қатынастары бойынша қойылған сұрақтарға сала мамандары
    қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес түсіндірмелер берді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Атырау облысы Әділет департаменті" жаңалықтары