Батыс Қазақстан облысында «Буллингтің алдын алу: мемлекеттік органдар мен қоғамның бірлескен іс-қимылы» тақырыбында республикалық тәжірибе алмасу семинары өтті.

    Батыс Қазақстан облысында «Буллингтің алдын алу: мемлекеттік органдар мен қоғамның бірлескен іс-қимылы» тақырыбында республикалық тәжірибе алмасу семинары өтті. Іс-шараға Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген спикерлер қатысып, балалардың құқықтарын қорғау, буллингтің алдын алу және осы бағыттағы мемлекеттік органдар мен қоғамның өзара іс-қимылын нығайту мәселелерін талқылады. Семинар аясында Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің басшысы Әлия Әнесқызы Тасыбаева спикер ретінде қатысып, «Балалардың құқықтарын құқықтық білім беру призмасы арқылы қорғау: әділет органдарының мемлекет пен қоғамның өзара әрекеттестігіндегі рөлі» тақырыбында баяндама жасады. Буллингтің алдын алу – баршамызға ортақ жауапкершілік. Балалар үшін қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыру мемлекеттік органдардың, білім беру ұйымдарының, ата-аналар мен жалпы қоғамның бірлескен күш-жігерін талап етеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімі" жаңалықтары