Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімі·Жаңалықтар мұрағаты
Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен «Ашық есік күні» өтті. Іс-шара барысында азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша кеңестер беріліп, олардың сұрақтарына жан-жақты жауаптар ұсынылды. Ашық есік күніне адвокат, заңгер және сот орындаушы қатысып, азаматтарды толғандырған бірқатар мәселелерді талқылады.








