1 / 4
Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, Ақтау қаласының бірнеше аумағында санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, «Жылы жағажай» аумағында, өндірістік аймаққа апаратын жол бойында және теңіз жағалауында тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.
Жұмыстар барысында аталған аумақтарды қоқыстан тазарту, бейберекет өскен шөптерді алу және санитарлық жағдайын жақсарту шаралары қолға алынды. Тазалық жұмыстарына 6 арнайы техника мен 100-ге жуық жұмысшы жұмылдырылды.
Қала аумағының тазалығын сақтау және қоршаған ортаны абаттандыру бағытындағы санитарлық тазалық жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі









