Өмірзақ ауылында мал қораларын көшіру жұмыстары жүргізілуде

    1 / 4

    Бүгін, 26 қазан күні Ақтау қаласының әкімі Мақсат Мұқаш Өмірзақ ауылына барып, мал қораларын көшіру және ескі құрылыстарды бұзу жұмыстарының барысымен танысты.

    Бұған дейін ауыл тұрғыны Айтбай Қаржаубаев тұрғындармен кездесуде жер учаскесін рәсімдеу мәселесін көтерген болатын. Оның айтуынша, ауыл аумағындағы мал қоралары тиісті жер құжаттарын рәсімдемей салынған.

    Қала құрылысы құжаттарына сәйкес, аталған аумақ өндірістік аймаққа жатады әрі қаланың сәулеттік келбетіне сәйкес келмейді. Осыған байланысты тұрғындарға мал ұстауға арналған ауыл шаруашылығы аймағына көшу ұсынылды.

    Қазіргі уақытта тиісті құжаттық мәселелер реттеліп, ескі мал қораларын бұзу жұмыстары басталды. Қала әкімі жұмыс барысымен танысып, тұрғындар мен жауапты мекемелердің ортақ жауапкершілігі маңызды екенін атап өтті.

    – Біз өздеріңізге берген уәдемізде тұрып, жұмыстарды бастадық. Бастағасын тұрғындардың да тарапынан сондай жауапкершілік керек. Жауапкершілік бәрімізге ортақ. Тұрғынға да, жергілікті атқарушы билікке де, мемлекеттік қызметкерге де ертең белгіленген жерлерге көшіріп, ауылдың ішіндегі бұрынғы осы уақытқа дейін пайдаланған жерлерін бәрін тазалап кету керек, – деді қала әкімі Мақсат Мұқаш.

    Аталған жұмыстардың мақсаты – мал қораларын белгіленген аумаққа көшіру, бұрын пайдаланылған жер учаскелерін тазарту және ауыл аумағын ретке келтіру.

    Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақтау қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары