Құрметті ақтаулықтар!

    Сіздерді 25 қазан – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

    Республика күні – еліміздің егемендік жолындағы тарихи қадамын айқындайтын, мемлекеттілігіміз бен ұлттық бірлігімізді дәріптейтін маңызды мереке. Бұл күн халқымыздың тәуелсіздікке деген ұмтылысын және жарқын болашаққа деген сенімін бейнелейді.

    Бүгінде Қазақстан халықаралық қоғамдастықта өзіндік орны бар мемлекет ретінде дамып келеді. Еліміздің жетістіктері – халқымыздың бірлігі мен ынтымағының, адал еңбегі мен ортақ мақсат жолындағы табандылығының нәтижесі. Тәуелсіздігімізді нығайтып, мемлекетіміздің әлеуетін арттыру – баршамызға ортақ жауапкершілік.

    Ақтау қаласы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып келеді. Қаланың инфрақұрылымын жетілдіру, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру және шаһардың әлеуетін дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Ортақ мақсатымыз – Ақтауды тұрғындарға қолайлы, заманауи әрі өркендеген қалаға айналдыру.

    Осы мерейлі күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Елімізде бейбітшілік пен келісім нығайып, тәуелсіздігіміз тұғырлы, болашағымыз жарқын болсын!

    Республика күні құтты болсын!

    Құрметпен,
    Ақтау қаласының әкімі
    Мақсат Мұқаш

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақтау қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары