Бүгін, 24 қазан күні Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бекбол Орынбасаров пен Ақтау қаласының әкімі Мақсат Мұқаш қаладағы бірқатар көпқабатты тұрғын үйлерге орнатылған автоматтандырылған басқару жылу тораптарының жұмысын бақылады.
2024 жылдан бастап қала әкімдігі тарапынан жылу тапшылығы байқалатын бірқатар шағын ауданда ескірген элеваторлық тораптарды автоматтандырылған басқару тораптарына ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. 2025 жылы жоғары шағын аудандардағы 104 тұрғын үйге 170 дана автоматтандырылған басқару торабы орнатылды. Биыл бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып, тағы бірқатар жоғары шағын ауданда 107 дана автоматтандырылған басқару торабын орнату жұмыстары жүргізілуде.
Облыс әкімінің орынбасары аталған жүйенің артықшылықтарына тоқталып, атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді. Сондай-ақ бұл бағыттағы жұмыстарды алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастыруды тапсырды.
Айта кетейік, автоматтандырылған басқару тораптары жылу беруді сыртқы ауа температурасына сәйкес реттеуге, ғимарат ішіндегі жылу шығынын азайтуға және энергия ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Жұмыс сапары аясында қаладағы инфрақұрылымды дамыту қорының қаражаты есебінен салынып жатқан, жылу өндіру қуаты сағатына 363 Гкал болатын жаңа қазандықтың құрылыс барысы да тексерілді.
Жаңа қазандық Ақтаудың қарқынды дамып келе жатқан шағын аудандарын жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар қолданыстағы жылу көздеріне түсетін жүктемені азайтуға ықпал етеді.
Облыс әкімінің орынбасары жауапты мекемелерге, мердігер ұйымға және қала әкіміне жобаларды сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды, сондай-ақ жылыту маусымының тұрақты өтуін қамтамасыз етуді тапсырды.
Сонымен қатар құрылыс барысында туындаған мәселелерді шешуге қолдау көрсетіп, нысан құрылысын келесі жылыту маусымы басталғанға дейін аяқтау үшін тиісті тапсырмалар берді.
Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Ақтаудағы автоматтандырылған басқару жылу тораптары штаттық режимде жұмыс істеп тұр
1 / 6
Ұқсас материалдар

Қауіпсіздік – әрқайсымыздан басталады
Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментіАшу
Алмасадам Сәтқалиев АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілімен кездесті
Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігіАшу
Республика күніне орай «Қазақша QUIZ» интеллектуалдық сайысы өтті!
Атырау облысы Экономика және қаржы басқармасыАшу
ТҮРКІСТАНДА АБАТТАНДЫРУ ТАЛАПТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫ ТЕКСЕРІЛДІ
Түркістан қаласы әкімінің аппаратыАшу
ҚАЛА ЖОЛДАРЫНДАҒЫ ҚОЗҒАЛЫС ҚОЛАЙЛЫЛЫҒЫ АРТАДЫ
Түркістан қаласы әкімінің аппаратыАшу
"Ақтау қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары

Өмірзақ ауылында мал қораларын көшіру жұмыстары жүргізілуде
Ақтау қаласы әкімінің аппаратыАшу
Ақтауда 2000 тоннадан астам қоқыс үйіндісі шығарылды
Ақтау қаласы әкімінің аппаратыАшу
Құрметті ақтаулықтар!
Ақтау қаласы әкімінің аппаратыАшу
Маңғыстауда Республика күніне орай салтанатты жиын өтті
Ақтау қаласы әкімінің аппаратыАшу
Ақтауда тазалық жұмыстары жалғасуда
Ақтау қаласы әкімінің аппаратыАшу