Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов шығысқазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады.
Құрметті шығысқазақстандықтар! 25 қазан - Республика күні құтты болсын!
Бұл мереке - мемлекеттігіміздің тұғырын айқындап, елдігімізді нығайтқан тарихи күн.
Тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағы үшін атқарылған әр істің, ел игілігіне бағытталған әр қадамның маңызы зор.
Бүгінгі жетістіктеріміз - халқымыздың бірлігі мен табандылығының, туған жерге деген сүйіспеншілігі мен адал еңбегінің нәтижесі. Ортақ мақсат жолында жұмыла әрекет етіп, жасампаздық пен жауапкершілікті ту еткенде ғана еліміз өркендеп, келер ұрпаққа кемел келешек қалдыра аламыз.
Әр шаңыраққа бақыт, құт-береке тілеймін. Бірлігіміз бекем, тәуелсіздігіміз тұғырлы, болашағымыз жарқын болсын!
Құрметпен, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов.
(Мәтін мен фотосуреттерді пайдаланғанда ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасау міндетті).









