ШҚО әкімі Гүлфира Ахметзакированы «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағына ие болуымен құттықтады

    Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Алтай қаласындағы медициналық мекемелерде ұзақ жылдар бойы басшылық еткен дәрігер-педиатр, «Алтай ауданының Құрметті азаматы» Гүлфира Минуллақызы Ахметзакированы жоғары марапатымен құттықтады. Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, оған «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағы берілді.

    «Құрметті Гүлфира Минуллақызы! Сізді Президент Жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағын иеленуіңізбен шын жүректен құттықтаймын!

    Бұл - өзіңіздің медицина саласындағы талай жылдық адал еңбегіңізге, кәсіби біліктілігіңізге және адам өмірі мен денсаулығын қорғау жолындағы елеулі үлесіңізге көрсетілген жоғары құрмет.

    Жарты ғасырға жуық уақыт бойы денсаулық сақтау саласында абыройлы еңбек етіп, балалар дәрігерінен денсаулық сақтау ұйымының басшысына дейінгі жолдан өттіңіз. Өз ісіңізге деген жауапкершілігіңізбен, талапшылдығыңызбен және адамгершілік қасиеттеріңізбен әріптестеріңіздің құрметіне бөленіп, қаншама жанның алғысына ие болдыңыз. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, ұлтаралық татулықты нығайтуға және өңірдің әлеуметтік дамуына да өз үлесіңізді қостыңыз. Бұл да азаматтық ұстанымыңыздың айқын көрінісі.

    Мемлекет басшысының осы марапаты ұзақ жылғы еңбегіңізге берілген лайықты баға деп білемін. Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға бақ-береке тілеймін. Еңбегіңіздің жемісін көріп, ел құрметіне бөлене беріңіз!

    Құрметпен, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов».

    (Материалдарды пайдалану кезінде ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасау міндетті).

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі" жаңалықтары