Өскеменде 200 домбырашы оқушының қатысуымен флешмоб өтеді

    Республика күні қарсаңында Өскемендегі Maxi Mall сауда-ойын-сауық орталығында «Ұлы Дала мұрагерлері» домбырашылар флешмобы өтеді.

    Бір мезетте 200 зияткер оқушы домбыраның күмбіріне қосылып, ұлттық өнеріміздің құдіретін паш етеді. Қос ішекті қасиетті аспаптың үніне ұласқан жас домбырашылардың өнері – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан рухани мұрамыздың жарқын көрінісі.

    «Ұлы Дала мұрасы – ұрпаққа аманат!» деген ұстаныммен ұйымдастырылатын шарада NIS оқушылары өз өнерлерін ортаға салып, Республика күнінің мерекелік рухын көтереді.

    Өткізу күні мен уақыты: 23 қазан, 14:00.

    Баршаңызды жас домбырашылардың күмбірлеген күйін бірге тыңдап, ұлттық өнердің әсемдігін сезінуге шақырамыз!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі" жаңалықтары