ШҚО-да Республика күніне орай концерт өтті

    1 / 27

    Бүгін Өскемендегі Шығыс Қазақстан облыстық филармониясында Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Оған облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты.

    Өңір басшысы жиналғандарды ұлттық мерекемен құттықтап, Республика күнінің ел тарихындағы маңызына тоқталды.

    «Баршаңызды ұлттық мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Қазақстанның Мемлекеттік егемендігі туралы декларация еліміздің тәуелсіздігіне жол ашып, жаңа тарихи кезеңнің негізін қалады. Бүгінде Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен ауқымды саяси, экономикалық және әлеуметтік реформалар жүзеге асырылуда. Осы бағытта биыл тарихи маңызы зор өзгерістер болды. Жалпыхалықтық референдумда жаңа Конституция қабылданып, Құрылтай мен Қазақстан Халық Кеңесі өз жұмысын бастады. Мереке қарсаңында барлығыңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін», – деді Нұрымбет Сақтағанов.

    ШҚО-да Республика күніне орай концерт өтті

    Салтанатты іс-шара барысында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып, түрлі салада еңбек етіп жүрген азаматтарға мемлекеттік наградалар табысталды. Оларға «Парасат», «Құрмет», ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» ордендері, «Ерен еңбегі үшін» және «Шапағат» медальдары, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.

    ШҚО-да Республика күніне орай концерт өтті

    Ал мерекелік концертте өңір өнерпаздары мен шығармашылық ұжымдары көрерменге тақырыптық нөмірлер ұсынды.

    ШҚО-да Республика күніне орай концерт өтті

    (Мәтін мен фотосуреттерді пайдаланғанда ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасау міндетті).

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі" жаңалықтары