Семейде екі Hyundai автокөлігі соқтығысты

    Семей қаласындағы Ибраев пен Панфилов көшелерінің қиылысында екі Hyundai автокөлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды.Алдын ала мәлімет бойынша, Hyundai Bayon автокөлігін басқарған 64 жастағы жүргізуші қосалқы жолдан шығу кезінде басты жолмен келе жатқан Hyundai Accent автокөлігіне жол бермеген. Соның салдарынан көліктер соқтығысқан.

    Жүргізуші көлік құралдарының зақымдануына әкеп соққан жол қозғалысы қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

    Абай облысы Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтауға, қиылыстардан өту кезінде аса мұқият болуға және басты жолмен келе жатқан көлік құралдарына жол беруге шақырады.

    Жол қауіпсіздігі — әрбір жүргізушінің жауапкершілігі. Жол қозғалысы қағидаларын сақтау жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға көмектеседі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысының Полиция департаменті" жаңалықтары