СҚО-да жас тергеушілердің ата-аналары ІІМ алғыс хаттарымен марапатталды

    1 / 10

    Республика күні қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Қайрат Қасымбеков тергеу бөлімшелерінің қызметкерлерін құттықтап, жас офицерлердің ата-аналарына Ішкі істер министрінің алғыс хаттарын табыстады. Салтанатты жағдайда мінсіз қызметі мен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін СҚО ПД Тергеу басқармасының аға тергеушісі, полиция капитаны Татьяна Плесовских ІІМ алғыс хатымен марапатталды. Білікті мамандар тәрбиелеп, ішкі істер органдары жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін ІІМ министрінің алғыс хаттары Петропавл қаласы полиция басқармасының тергеушісі, полиция лейтенанты Алина Задуянның анасы Марьяна Задуянға, осы басқарманың тергеушісі, полиция аға лейтенанты Тимур Жансеитовтың әкесі Дәурен Жансеитовке табысталды. Сондай-ақ Петропавл қаласы полиция басқармасының Бірінші полиция бөлімінің тергеушісі, полиция аға лейтенанты Долон-Бий Айдралиевтің ата-анасы Дастан мен Гүлзада Иткуловтарға, Шал ақын ауданы полиция бөлімінің аға тергеушісі, полиция аға лейтенанты Әділхан Маденеттің ата-анасы Сәкен мен Бірсұлу Ескуловтарға алғыс хаттар берілді. Петропавл қаласы полиция басқармасының тергеушісі, полиция аға лейтенанты Сағдат Асқардың анасы Айжан Бұрханға да ІІМ алғыс хаты табысталды. Қайрат Қасымбеков СҚО ПД басшылығы атынан полицейлердің отбасыларына қолдау көрсетіп, жауапты әрі күрделі мамандықты таңдаған балаларын адалдық пен адамгершілік рухында тәрбиелегені үшін шынайы алғысын білдірді. Мереке күндері де тергеушілер мен олардың әріптестері өңір тұрғындары мен қонақтарының тыныштығын қамтамасыз етіп, заң мен тәртіпті сақтау үшін тәулік бойы кезекшілік атқарады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары