СҚО полицейлері тәуелсіздік тарихы туралы білімдерін тереңдетті

    1 / 6

    Республика күні қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлері Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің оқытушыларымен кездесті.

    Дәріс тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңіне, 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның тарихи маңызына және ұлттық бірлікті нығайту мәселелеріне арналды.

    Полиция қызметіне қатысты міндеттерге де ерекше назар аударылды. Олардың қатарында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, заңдылықты нығайту және «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру бар. Тарихи білім мен азаматтық жауапкершілік ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсіби даярлығының маңызды бөлігі болып қала береді.

    Кездесу соңында университет өкілдері жас полицейлерді кәсіби дамуын жалғастырып, заңгерлік білім алуға шақырды. Бакалавриат пен магистратура бағдарламалары бойынша оқуға болады. Сонымен қатар қызметтен қол үзбей білім алу мүмкіндігі қарастырылған.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары