Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінде тергеу, анықтау және басқа да бөлімшелердің қызметкерлеріне арналған оқыту кеңесі өтті.
Қатысушылар қызметтік жұмыста қолданылатын «Аналитикалық орталық» және басқа да ақпараттық жүйелермен жұмыс істеу тәртібін талқылады. Жүйелердің мүмкіндіктеріне және оларды жұмыстың тиімділігін арттыру үшін қолдану жолдарына ерекше назар аударылды.
Кеңес СҚО ПД Цифрландыру және жасанды интеллект басқармасы мен Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің СҚО бойынша департаментімен бірлесіп ұйымдастырылды. Жиынға СҚО ПД бастығының орынбасары Қайрат Қасымбеков төрағалық етті.
Оқыту қорытындысы бойынша қызметкерлерге ақпараттық жүйелерді пайдалану жөнінде түсініктемелер берілді. Мұндай сабақтар полицейлерге күнделікті қызметінде цифрлық құралдарды тиімді әрі сенімді қолдануға көмектеседі.









