Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінде кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті. Жиынға мектептер мен колледждердің директорлары қатысып, оған СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Асылбек Құжахметов төрағалық етті. Қатысушылар оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ақпарат алмасу және балалар ортасындағы проблемалық жағдайларды ерте анықтау мәселелерін талқылады. Жыл басынан бері өңірде кәмелетке толмағандар 26 қылмыс жасаған. Бұл «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында полицейлердің, педагогтер мен ата-аналардың бірлескен бақылауын күшейту қажеттігін көрсетеді. Кездесу қорытындысы бойынша білім беру ұйымдарының басшыларына практикалық ұсынымдар берілді. Жұмысты жедел үйлестіру үшін мессенджердегі ортақ жұмыс чаты жұмысын жалғастырады. Полицейлер ата-аналарды балаларының бос уақытын бақылауға және қауіп төндіретін жағдайлар туындаған кезде полицияға 102 нөмірі арқылы дереу хабарлауға шақырады.
СҚО полицейлері балалардың қауіпсіздігі мәселесін білім беру ұйымдарының басшыларымен талқылады
1 / 5
Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу
Ұқсас материалдар

МЫРЗАХМЕТ ТЕМІРБЕКҰЛЫ «ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Отырар ауданы әкімінің аппаратыАшу
Media Energy Talks: энергетика саласы мен БАҚ арасындағы ашық диалог
ҚР ЭМАшу
Республика күніне орай Астана қаласының денсаулық сақтау саласының бірқатар өкілі мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасыАшу
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың Республика күнімен құттықтауы
Қостанай облысының әкімдігіАшу
Қазақстанның мәдени мұрасы Республика күніне орай Афинада таныстырылды
Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы ЕлшілігіАшу
"Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары

СҚО полицейлері тәуелсіздік тарихы туралы білімдерін тереңдетті
Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаментіАшу
СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУДЕ
Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаментіАшу
Өрт орнына арнайы техника өте алмаса, не істеу керек? СҚО полицейлері түсіндірді
Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаментіАшу
Петропавлда болашақ сақшылар мерекелік іс-шараға қатысты
Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаментіАшу
СҚО-да полицейлер, ардагерлер мен әскери қызметшілер Республика күніне орай марапатталды
Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаментіАшу