Таразда Ұлттық мерекеге орай салтанатты жиын өтті

    1 / 19

    25 қазан – Республика күніне орай «Баласағұн» орталық концерт залында салтанатты жиын өтті. Мерекелік шараға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев қатысып, өңір тұрғындарын ұлттық мерекемен құттықтады.

    Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен ашылды. Жиналған жұртшылық Әнұранды бірге орындап, ел тәуелсіздігіне деген құрметі мен ортақ мақсатын паш етті.

    Жиын барысында аймақ басшысы Ербол Шырақпайұлы құттықтау сөз сөйлеп, Республика күнінің мемлекеттілігімізді нығайтудағы және ұлттық бірлікті бекемдеудегі айрықша маңызын атап өтті. Сондай-ақ өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, қоғамдық өмірі мен мәдениетінің өркендеуіне елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтарды марапаттады.

    Марапат иелерінің қатарында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының баспасөз хатшысы Ғалия Абылай, Асқар Тоқпанов атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрының әртістері Абу Шонбаев пен Кенен Ақүрпеков, облыстық орыс драма театрының әртісі Бекназар Избасаров, Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармонияның музыкалық бөлім меңгерушісі Ғани Мәтебаев, сондай-ақ облыстық айтыскер ақындар, жыршы-термешілер орталығының директоры Ахметжан Узбеков бар.

    Мерекелік жиын аясында Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының ұйымдастыруымен «Менің Республикам – Қазақстан!» атты концерттік бағдарлама ұсынылды. Концертте эстрада жұлдыздары Зарина Омарова мен «Жігіттер» квартеті өнер көрсетіп, көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

    Концерттің басты мақсаты – Қазақстан Республикасының мемлекеттілігін дәріптеу, ел бірлігі мен ұлттық рухты нығайту, өскелең ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиеттерді сіңіру. Сонымен қатар Тәуелсіздіктің 35 жылдығы қарсаңында еліміздің жетістіктерін өнер тілімен насихаттап, ұлттық құндылықтарды ұлықтау.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы" жаңалықтары