Астанада күрес түрлерінен әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтті

    1 / 10

    Іс-шараға Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Қазақстан күрес федерациясының президенті Еркін Оқасов және United World Wrestling ұйымының президенті Ненад Лалович қатысты.

    Салтанатты рәсім барысында министр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлем чемпионатына қатысушылар мен қонақтарға арналған құттықтау жеделхатын оқып берді.

    «Күрес – күш пен жігерді, намыс пен рухты шыңдайтын олимпиадалық спорт түрі. Бірегей дәстүрі бар, тарихы терең белдесу өнерінің Қазақстан халқы үшін мән-маңызы айрықша. Сондықтан дүниежүзінің ең беделді бозкілем шеберлері күш сынасатын байрақты бәсекенің Астана төрінде ұлттық мерекеміз – Республика күнінің қарсаңында өтуі еліміз үшін зор мәртебе».

    Әлем чемпионаты 24 қазан мен 1 қараша аралығында өтеді. Турнир жүлделері үшін 135 елден келген 900-ге жуық спортшы бақ сынайды.

    Астанада күрес түрлерінен әлем чемпионатының өтуі халықаралық спорт қауымдастығының Қазақстанға деген сенімін және еліміздің ең жоғары деңгейдегі жарыстарды қабылдауға дайын екенін көрсетеді. Мұндай турнирлер халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, отандық күрес мектебін дамытуға және өскелең ұрпақ арасында спортты дәріптеуге ықпал етеді.

    Әлем чемпионаты елімізде өтіп жатқан ірі халықаралық жарыстар сериясын жалғастырады. Бұл жұмыс Қазақстанның өңірдегі жетекші спорт орталықтарының бірі ретіндегі позициясын нығайтуға және отандық спортшылар үшін мүмкіндіктерді кеңейтуге бағытталған.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі" жаңалықтары