24 қазанда Жапонияның Нагоя қаласында V Азия Пара ойындарының салтанатты жабылу рәсімі өтті. Осылайша 18-24 қазан аралығында ұйымдастырылған құрлықтық дода ресми түрде өз мәресіне жетті.
Айчи префектурасы мен Нагоя қаласында өткен жарыста Қазақстан ұлттық құрамасы 50 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 12 алтын, 16 күміс және 22 қола жүлде бар. Осы нәтижемен отандастарымыз жалпыкомандалық есепте тоғызыншы орынға тұрақтады.
Биылғы Азия Пара ойындарында Қазақстан намысын 12 спорт түрінен 150 спортшы қорғады. Бір аптаға созылған жарыста отандастарымыз пара дзюдо, пара велоспорт, пара жүзу және өзге де спорт түрлерінен жүлделі орындарға ие болды.
Қазақстанды параспортшылар арасынан Актолқын Сейілбекова, Зарина Раифова, Наиль Ермұханбет және Анастасия Калаус алтын медаль жеңіп алып, ел қоржынының толығуына үлес қосты.





