«Музыка фантазиясы» атты концерттік бағдарламасы
Құрметті өнер сүйер қауым! 🎼Сіздерді К. Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы Қазақ халық аспаптар оркестрінің «Музыка фантазиясы» атты концерттік бағдарламасына шақырамыз. Бұл кеш – халық аспаптарынан әуелеген музыка, қиял және сахналық өнердің тоғысқан көркем әлемі. Концерт барысында көрерменді сиқыр әлемі, көңілді клоунада, саксофонның сырлы үні, сондай-ақ әуенмен үйлескен әсерлі хореографиялық қойылымдар күтеді. Әуезді әуендер музыкалық бояумен әрленіп, тыңдарманға ерекше әсер сыйлайды. ⚜️Өтетін күні: 13 ақпан 2026 жыл. ⏰ Басталуы: 18:30. 📍 Өтетін орны: «Баласағұн» облыстық концерт залы. Музыка қиялына толы ғажайып кештен қалыс қалмаңыз! Билеттер: FREEDOM TICKETON сайтында сатылуда. Касса: 8 707 280 47 48 8 701 625 10 01 Бағасы: 1500, 1000 т





