Астана қаласында «Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі мен ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен «Қола домбыра» республикалық оқушылар айтысы өтті.
Байқауда Жамбыл облыстық айтыскер ақындар, жыршы-термешілер орталығының «Қаратау» үйірмесінің шәкірті Мирас Жамалбек жүлделі ІІІ орынды иеленді.
Өңір абыройын асқақтатқан жас дарынның таланты мен ізденісінің, ұстаз еңбегі мен ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігінің жемісі.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








