«Гостинцы из Китая» қойылымының қосымша көрсетілімі өтті

    1 / 7

    22 қазан күні Жамбыл облыстық орыс драма театрында көрермен көңілінен шыққан «Гостинцы из Китая» қойылымының қосымша көрсетілімі өтті.

    Жазушы Рахымжан Отарбаевтың шығармасы негізінде сахналанған драма ХХ ғасыр тарихындағы күрделі кезеңдерді арқау етеді. Қойылымда шекаралардың адамдар тағдырына әсері, отбасылардың айырылуы мен адам өміріндегі тарихи өзгерістердің қайғылы салдары көрініс табады.

    Спектакльдің қоюшы режиссері – «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Галина Соколова. Қоюшы суретшісі – «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Рахат Сапаралиева, ал қоюшы хореографы – Валерия Косырева.

    Айта кетейік, театр ұжымы жақында Атырау қаласында өткен жазушы Рахымжан Отарбаев атындағы III халықаралық театр фестивалінен жүлделі оралды. Өнер додасында театр актрисасы Арайлым Байбосын «Үздік актриса» аталымын иеленсе, суретші Рахат Сапаралиева «Үздік сценография» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы" жаңалықтары