Таразда «Шәмші әуендері» республикалық ретро-фестивалі өтті

    1 / 10

    Тараз төріңде қазақ вальсінің королі, көрнекті композитор, Қазақстанның халық әртісі Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылық мұрасын насихаттауға арналған «Шәмші әуендері» республикалық ретро-фестивалі өтті.

    Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен өткен музыкалық кештің шымылдығы «Ақкербез» би ансамблі мен Жамбыл ауданы халық театры әртістерінің қатысуымен қойылған «Ән падишасы» прологымен ашылды.

    Республикалық фестиваль аясында қазақ эстрадасының белгілі өкілдері мен өнер майталмандары сахна төріне шықты. Атап айтқанда, Қазақстанның халық әртісі Талғат Күзембаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Нұрлан Өнербаев, Медеу Арынбаев, Гауһар Қаспақова, Заттыбек Көпбосынұлы және Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әртістері өнер көрсетті.

    Өнерпаздар Шәмші Қалдаяқовтың ел жүрегінен ерекше орын алған таңдаулы әндерін орындап, көрерменге әсем әуен мен сырлы сазға толы музыкалық кеш сыйлады. Композитордың мәңгілік мұрасына айналған туындылар көрерменді қазақ ән өнерінің алтын дәуіріне жетелеп, ерекше әсерге бөледі.

    Кешті Сержан Молдасанұлы мен Айнұр Ахметжанова жүргізді.

    Музыкалық кеш соңында облыс әкімінің атынан ықылас гүлі табысталды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы" жаңалықтары