Құрметті отандастар!
Сіздерді Қазақстан Республикасы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
25 қазан – Қазақстан тарихындағы айтулы күн, ол қазақстандық мемлекеттіліктің қалыптасуы мен нығаюы жолындағы маңызды кезеңді білдіреді. 1990 жылдың дәл осы күні еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізу жолындағы шешуші қадам болған «Мемлекеттік егемендік туралы декларация» қабылданды.
Бұл мереке халық бірлігін, бейбітшілікті, тұрақтылықты және жасампаз еңбекке деген ұмтылысты бейнелейді. Еліміз гүлденіп, жаңа биіктерді бағындырсын әрі жарқын болашаққа сенімді қадам бассын!
Баршаңызға зор денсаулық, сарқылмас қуат, амандық және барлық бастамаларыңызға сәттілік тілейміз. Әр шаңырақта бейбітшілік, келісім мен береке орнасын, ал әр жүректе Отанымызға деген мақтаныш сезімі мен оның болашағына деген сенім ұяласын!








