1 / 10
Қазақстан Республикасы күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «Бәріміз бірге салауатты Қазақстан үшін» атты акция ұйымдастырды.
Акция барысында Қазақстанның барлық өңірінде мемлекеттік кірістер органдарының 2 000 астам қызметкері қан тапсырып, адам өмірін сақтауға өз үлестерін қосты және азаматтық жауапкершілік танытты.
Аталған бастама донорлық қозғалысты қолдауға, қан қорын толықтыруға және қан құюды қажет ететін пациенттерге көмек көрсетуге бағытталған.
Республика күні қарсаңында ұйымдастырылған бұл игі бастама ұжымның бірлігі мен ынтымағының символына айналып, әлеуметтік жауапкершіліктің және әрбір қызметкердің ортақ іске қосатын үлесінің маңыздылығын айқындады.









