Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде Республика күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік шара аясында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, министр Мәди Тәкиев государственный орган қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар мен түрлі марапаттарды табыстады. « Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталғандардың қатарында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің қызметкерлері де бар: Меншіктің мемлекеттік мониторингі және сенімгерлік басқару басқармасының басшысы Иванова Анна Олеговна, Алматы қаласы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы Жанайдаров Серік Тлеуханұлы.
Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті әріптестерін лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтайды!
Еңбектеріңізге табыс, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық және кәсіби қызметтеріңізге жаңа жетістіктер тілейміз!








