«Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында адам құқықтары мәселесі жөнінде семинар өткізілді
2026 жылғы 20 қарашадаҚазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті мен Мемлекеттік қазынашылық комитеті бірлесіп Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығының өкілі Ілияс Бақытұлы Сансызбайдың қатысуымен кездесу ұйымдастырды.
Іс-шара «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында ұйымдастырылып, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясындағы адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелеріне арналды.
Семинардың негізгі мақсаты мемлекеттік қызметшілердің адамдардың конституциялық құқықтары мен бостандықтары туралы білімін тереңдету, заңдылық қағидаттарын түсіндіру, азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктері жөніндегі құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ мемлекеттік органдар қызметінде адам құқықтарын сақтау мәдениетін нығайту.
Семинар барысындаІлияс Бақытұлы жаңа Конституцияның мазмұнына егжей-тегжейлі тоқталып, адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең жоғары құндылығы болып табылатынын атап өтті.
Жаңа Конституцияның «Негізгі құқықтар, бостандықтар мен міндеттер» II бөлімінде адамның негізгі құқықтары мен бостандықтары, оларды іске асыру тетіктері және қорғаудың конституциялық кепілдіктері бекітілген.
Семинарбарысында «Заң мен тәртіп» идеологиясының мазмұнына да ерекше назар аударылды. Бұл қағидат тек заң талаптарын орындаумен шектелмей, әрбір азаматтың құқықтарын құрметтеуді, мемлекеттік қызметшілердің заң алдындағы жауапкершілігін, әділдік пен ашықтықты қамтамасыз етуді білдіреді.
Мемлекеттік қызметшілер үшін адам құқықтарын сақтаукүнделіктікәсібиқызметтің ажырамас бөлігіболып табылады.Әрбір мемлекеттік шешім заңдылық, әділдікжәне азаматтардың конституциялық құқықтарын құрметтеу қағидаттарына негізделуі тиіс.
Қорытындылай келе, жаңа Конституцияның бастықұндылығы –адамжәне оның өмірі, қадір-қасиеті, құқықтары мен бостандықтары. Ал «Заң мен тәртіп» қағидаты осы құндылықтарды күнделікті өмірде іске асырудың және құқықтық мемлекетті нығайтудың маңызды негізі болып табылады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









