Бүгін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдары басшыларының қатысуымен Комитеттің кеңейтілген Алқа отырысы өтті.
Отырыс барысында 2026 жылдың тоғыз айындағы жұмыс қорытындылары, Комитет қызметінің өзекті мәселелері, сондай-ақ мемлекеттік мүлікті басқару жүйесін жетілдіру перспективалары қаралды.
Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Нұрмахан Әбілқасымұлы Әділбеков Кіріспе сөз сөзбен Алқа отырысын бастады.
Күн тәртібіне сәйкес «Ақпараттық-есепке алу орталығы» АҚ вице-президенті Шухрат Ташмахамедұлы Батталов «Мемлекеттік мүлікті басқару архитектурасы» тақырыбында баяндама жасады.
Бұдан кейін «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС бас директоры Қуанышбек Жақсыбекұлы Мұқаш Компанияның 2026 жылдың тоғыз айындағы қызметінің қорытындылары туралы есеп берді.
Сонымен қатар отырыс қатысушылары мемлекеттік мүлік тізілімінде тәркіленген мүлікті басқару жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру барысын қарастырды. Аталған мәселе бойынша Комитет Төрағасының орынбасары Әділ Әдірұлы Мелисов баяндама жасады.
Отырыс барысында мемлекеттік мүлікті басқару процестерін одан әрі жетілдіру, Комитет функцияларын цифрландыру және автоматтандыру мәселелері, жұмыс тиімділігін арттыру және Комитеттің орталық аппараты мен аумақтық бөлімшелері арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелері талқыланды.









