Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті
Комитет туралы
орталық атқарушы органның құзыреті шегінде республикалық мүлікті басқару, республикалық мүлікке мемлекет құқықтарын, жекешелендіруді іске асыру саласында басшылықты жүзеге асыру;
"Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында меншіктің мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру;
2026 жылғы 4 - 21 тамыз аралығында «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Павлодар мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» ММ «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес» төртінші типтік базалық бағытын іске асыру шеңберінде 2026 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі. Объектінің қызметін және объектінің ұйымдастыру-басқару қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан өткізілетін болады. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық есеп дайындалады, оның негізінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша шаралар қабылданады.
2026 жылға арналған «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Павлодар мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кестесіне сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілуде. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін жария талқылаудың басталғаны туралы хабарлаймыз. Жария талқылау өткізілетін орын: Павлодар қаласы, Академик Сәтпаев көшесі, 136, 5-қабат, 501-кабинет. Жария талқылау өткізілетін күні мен уақыты: 2026 жылғы 17 тамыз, сағат 15:00. Қатысуға шақырамыз!
2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа карсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес және «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Жетісу облысы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департамент» РММ-сі басшысының 2026 жылғы 29 маусымдағы №84 бұйрығының негізінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілуде. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін талқылау мақсатында жария талқылау жоспарлануда. Жария талқылауды өткізу орны: Жетісу облысы, Талдықоған қаласы, Біржан сал, 130. Жария талқылауды өткізу күні мен уақыты: 2026 жылдың 5 тамызында, сағат 15-00 –де. Қатысуға шақырамыз.
«ҚР ҚМ ММЖК Қостанай мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» ММ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының 2024 жылғы 11 сәуірдегі №Л-69 бұйрығына сәйкес Қостанай қаласы, Алтынсарин көшесі, 151а мекенжайы бойынша (мәжіліс залы) 2026 жылдың 03 шілдеде сағат 15.00-де қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың қоғамдық талқылауын өткізуді жоспарлауда.
«ҚР ҚМ ММЖК Қостанай мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына және ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Комиетінің 2024 жылғы 11 сәуірдегі №Л-69 бұйрығына сәйкес 2026 жылғы 29 маусымнан бастап 03 шілде аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланған.
Шығыс Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының 2024 жылғы 11 сәуірдегі № Л-69 бұйрығына сәйкес Өскемен қаласы, Тоқтаров көшесі, 35 мекенжайы бойынша (4 қабат, 409 кабинет) және инстаграм желісі арқылы 2026 жылдың 26 маусымында сағат 11.00-де Департамент қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың қоғамдық талқылауын өткізуді жоспарлауда.
1 Электрондық аукциондарда лоттарды қарау кезінде E-qazyna порталында шектеулер, тыйым салулар және т.б. тұрған мүліктер, атап айтқанда автокөлік құралдары бар. Оларды қалай алып тастауға болады және бұл мүлікті сатып алушылар қосымша шығындарды көтере ме? Иә, тәркіленген мүліктерде, атап айтқанда, Сіз айтып өткендей, автокөлік құралдарында сот орындаушыларынан, тергеушілерден, соттардан шектеулер, тыйым салынған. Сатып алу-сату шартын жасасқаннан кейін, толық төлем жасалғаннан кейін және мүлікті беру актісіне қол қойылғаннан кейін Сіз өтінішпен тікелей тиісті тыйым салған адамдарға, органдарға жүгінесіз, сатып алынған мүлік бойынша құжаттардың көшірмелерін қоса бересіз (сауда-саттық нәтижелерінің хаттамасы, сатып алу-сату шарты, қабылдау-тапсыру актісі) және олар шектеулер мен тыйымдарды заңда белгіленген мерзімде толық алып тастайды. Сіз ешқандай қосымша қаржылық шығынға ұшырамайсыз. 2 Электрондық әмиянға (кашелекке) ақшалай қаражатты басқа сауда-саттықтарға қайта пайдалана аламын ба? Иә, қаражатты электрондық кашелектен міндетті түрде шығарудың қажеті жоқ. Ақшалай қаражатты басқа сауда-саттықтарға қатысу үшін қайта пайдалануға болады. 3 Сауда-саттыққа шығарылған мемлекеттік мүліктің сақталуына кім жауапты? Оны сауда-саттық өткізілгенге дейін қарап шығуға құқығым бар ма? Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормаларға сәйкес, мемлекеттік мүлікті өткізу бөлігінде баланс ұстаушы жекешелендіру объектісінің сақталуына және сатып алушыға меншік құқығы өткенге дейін жекешелендіру объектісі туралы мәліметтердің дұрыстығына жауапты болады. Хабарландыру жарияланғаннан кейін баланс ұстаушы жекешелендіру объектісін сатып алғысы келетін тұлғаларға объектіні еркін қарап шығуға мүмкіндік береді.
Жарияланды:
Жоспар
2026 жылғы 25 қыркүйекте Шымкент қаласы тұрғындарымен өткен кездесудің қорытындысы бойынша өзекті мәселелерді шешу жөніндегі ІС-ҚИМЫЛ ЖОСПАРЫ
№ өзектімәселе Өңір Орындаушы Орындаумерзімі Мәртебесі 1 «Sin Yuan Steel» ЖШС-нің құрылтайшылары инвестиция тартып Шымкент қаласында ен ірі өндірістік кәсіпорнына айналды, алайда заң талабына сәйкес рұқсат ету құжаттары сай емес, соған қарамастан әлі де қызметтерін жалғастырып келе жатыр, бұл мәселе жөнінде Еңбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына өтініш және сотқа талап арыз жолданған болатын, талап арыз Еңбекші ауданы бойынша МКБ-ның жауабына сәйкес соттан қайтарылған, осының себебін анықтап бақылауға алуыңызды сұраймын. Сондай-ақ аталған ЖШС-нің заңды тұлға ретінде тіркелген орны Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, алайда өндіріс кәсіпорны зауыттың қызметіне қажеттерін Шымкент қаласынан алып отыр, салық не себепті Түркістан облысына төленеді? Шымкент қаласы Шымкент қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті Қасымбеков Ғ.М. 2026 жылғы 4 тоқсан 2026 жылғы 2 қазан сағ. 11.00с Орындалып жатыр 2 Құқық қорғау органдары мен мемлекеттік қызметшілерге жалға берілген тұрғын үйлерді жекешелендіріліп жатыр, ал заңгерлер мен адвокаттарға жалға берілген пәтерлер жекешелендіруден бас тартылып жатыр, заңгерлер мен адвокаттар да мемлекет пен халық үшін қызмет атқарып жатыр. Жалға берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру бойынша мәселесі заңгерлерге, адвокаттарға да қатысты болса деген сұрақты қарастыруыңызды сұраймын және осы мәселе қашан қолға алынады? Шымкент қаласы Шымкент қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті Қасымбеков Ғ.М. 2026 жылғы 4 тоқсан 2026 жылғы 2 қазан сағ. 16.00с Орындалып жатыр
Жарияланды:
НҚА жобасы
Мемлекеттік мүлік тізілімінде таратылған мемлекеттік заңды тұлғаның кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлкін қайта бөлу бойынша пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 7-тармағына, 14-бабының 23-2) тармақшасына және 130-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мүлік тізілімінде таратылған мемлекеттік заңды тұлғаның кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлкін қайта бөлу бойынша пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдері бекітілсін. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2027 жылғы 31 тамызға дейін қолданылады. Лауазымы Аты-жөні
Жарияланды:
НҚА жобасы
«Басқарушы компанияға берілген активтерді басқару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 5 қазандағы №1061 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: «Басқарушы компанияға берілген активтерді басқару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 5 қазандағы №1061 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №33523 болып тіркелген) мыныдай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: Бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:«Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Басқарушы компанияға берілген активтерді басқару қағидаларында: тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) арнаулы мемлекеттік қор – Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық жобаларын, сондай-ақ активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның шығыстарын қаржыландыру мақсатында түсімдерді есепке жатқызу және ақшаны жұмсау үшін Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған қолма-қол ақшаны бақылау шоты;»; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Заңға сәйкес қайтарылған активтерді басқарушы компанияға жарғылық капиталын.»; 11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «11. Активке құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттарындағы сипаттамалардың оның нақты жай-күйіне сәйкес келмеуі, сондай-ақ активтің алғашқы қаралымы кезінде белгіленуі мүмкін өзге де кемшіліктер (айқын кемшіліктер) анықталған жағдайда, комиссия қабылданатын активтің сәйкес келмеу актісін еркін нысанда жасайды, ол активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органға жіберіледі. Актив және (немесе) оның бір бөлігі болмаған, сондай-ақ басқарушы компанияның меншігіне активті қабылдауға кедергі келтіретін комиссия анықтаған өзге де негіздер болған жағдайда, басқарушы компания активті қабылдаудан бас тарту туралы тиісті қорытындыны активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органға жібереді. Бас тарту туралы қорытынды еркін нысанда жасалады. Активті басқару немесе активке байланысты қызметті жүзеге асыру үшін қажетті құқық белгілейтін, сәйкестендіру немесе өзге де құжаттар болмаған жағдайда, басқарушы компания: 1) активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органды жазбаша нысанда хабардар ете отырып, активті қабылдаудан бас тартуға; 2) активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органды бір мезгілде хабардар ете отырып, бұрынғы меншік иесіне көрсетілген құжаттарды ұсыну немесе қалпына келтіру үшін мерзім бере отырып, активті меншікке қабылдауға құқылы. Бұрынғы меншік иесі көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде ұсынбаған немесе қалпына келтірмеген жағдайда, комиссия активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органды бұл туралы жазбаша хабардар ете отырып, активті қайта бағалаудың орындылығы туралы шешім қабылдайды.»; 13-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «5) сарапшыларды тарту, барлық қажетті шараларды қабылдау, сондай-ақ активтің үздіксіз жұмысын және (немесе) қызметін, активтерді ұстауды, пайдалануды және сақтауды қамтамасыз ету үшін жұмыс істейтін контрагенттермен келісімдер жасайды немесе қайта жасайды.»; 37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «37. Активті мүліктік жалдауға беру (жалға алуға) жөніндегі тендер басталған сәтте тіркелген қатысушылар болмаған жағдайда, тендер өткізілмеген деп танылады. Активті мүліктік жалдауға беру (жалға алуға) жөніндегі қайталама тендер бірінші тендер күнінен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей өткізіледі. Қайталама тендер өтпеді деп танылған жағдайда, комиссия тендер шарттарын өзгерту туралы не өткізілмеген тендер шарттарында әлеуетті жалдаушыларды (жалға алушыларды) дербес іздеу туралы немесе осы Қағидаларда көзделген активке билік етудің өзге тәсілімен шешім қабылдайды.»; 53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «53. Активті сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендер басталған сәтте тіркелген қатысушылар болмаған жағдайда, мұндай тендер өтпеді деп танылады. Активті сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі қайталама тендер бірінші тендер күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмей өткізіледі. Қайталама тендер өтпеді деп танылған жағдайда, комиссия тендер шарттарын өзгерту туралы не өткізілмеген тендер шарттарында әлеуетті сенімгерлік басқарушыларды өз бетінше іздеу туралы немесе осы Қағидаларға көзделген активке билік етудің өзге тәсілімен шешім қабылдайды.»; 61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «61. Активтерді сату Арнаулы мемлекеттік қорды толықтыру мақсатында жүзеге асырылады және басқарушы компанияның оның мүлкінің құрамына келіп түскен, оның ішінде алдын ала мүліктік жалдауға беру (жалға алуға) берілген, сенімгерлік басқаруға, сондай-ақ консервацияланған активтерді басқарудың негізгі мақсаты болып табылады. Заңға сәйкес қайтарылған активтерді басқарушы компанияның өз мүлкімен бірлесіп өткізуге жол беріледі.»; 64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «64. Активтерді өткізу Заңның және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес мынадай тәсілдермен: 1) аукцион нысанындағы сауда-саттықты өткізу немесе коммерциялық конкурс ұйымдастыру жолымен (оның ішінде электрондық); 2) қор биржасында активтерді сату (биржа қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады); 3) бағалау құнынан төмен емес баға бойынша және төлемді бөліп төлеуді мүмкіндігін бермей, Қазақстан Республикасының аумағында немесе шетелде жұмыс істейтін электрондық сауда алаңдарындағы сатып алуларға өнім беруші ретінде қатысу арқылы; 4) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін тұлғаларға стратегиялық маңызы бар, сондай-ақ өзге де ерекше сипаттамалары бар активтерді өткізу; 5) осындай еншілес ұйымдағы үлесті кейіннен өткізу мақсатында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың не басқарушы компанияның еншілес ұйымының жарғылық капиталына салым салу және (немесе) мүлкіне жарна енгізу арқылы. Жарғылық капиталға салым және (немесе) мүлікке жарна ретінде басқарушы компанияның өз қаражатын, сондай-ақ Заңға сәйкес қайтарылған активтерді енгізуге жол беріледі; 6) активті өткізу фактісі болмаған жағдайда, басқарушы компания активті бұрынғы меншік иесіне өткізеді, ал ол активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті орган ұсынған бағалау туралы есепке сәйкес бағалаудан құны төмен емес бағамен оны сатып алады; 7) активтің орналасқан тіркелген елінің заңнамасының талаптарына сәйкес өзге де тәсілдермен жүзеге асырылады.»; мынадай мазмұндағы 64-1-тармақпен толықтырылсын: «64-1. Активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша Басқарушы компанияның Заңға не активті басқаруға беру туралы келісімге сәйкес айқындалған тұлғаның активті өткізу балама тәсілін қарауына, егер мұндай тәсіл Қазақстан Республикасының және актив орналасқан мемлекеттің заңнамасына қайшы келмесе, жол беріледі. Активті өткізу алынған ақша қаражаты Басқарушы компанияның шотына есепке жатқызылады және кейіннен осы Қағидалардың 87-тармағына белгіленген тәртіпте аударылуға жатады.»; 65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «65. Басқарушы компания заңды тұлғалардың акцияларын немесе жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестерін сату туралы шешім қабылдаған кезде «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестіктер туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында не заңды тұлға қызметін жүзеге асыратын елдің заңнамасында көзделген талаптар сақталады.»; 69-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «69. Осы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген мән-жайларды факторларды ескере отырып, басқарушы компания активтерді осы Қағидалардың 64-тармағында көзделген тәсілдердің кез келгенімен өткізеді.»; «73-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «73. Аукциондық нысанындағы алғашқы сауда-саттыққа актив бастапқы бағаның 100 (жүз) пайызы мөлшерінде бастапқы бағаны белгілей отырып қойылады. Аукцион нысанындағы екінші сауда-саттыққа актив бастапқы бағаның 85 (сексен бес) пайызы мөлшерінде бастапқы бағаны белгілей отырып қойылады. Аукцион нысанындағы үшінші сауда-саттыққа актив бастапқы бағаның 70 (жетпіс) пайызы мөлшерінде бастапқы бағаны белгілей отырып қойылады. Үшінші сауда-саттық нәтижелері бойынша актив өткізілмеген жағдайда, белгіленген сауда-саттық реттілігі осы Қағидаларға сәйкес актив өткізілген немесе өзге шешім қабылданған сәтке дейін қайта қолданылады. Басқарушы компания аукцион нысанындағы әрбір келесі сауда-саттықты алдыңғы аукцион күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей жариялайды. Егер актив бірінші, екінші және үшінші сауда-саттықтан тұратын екі толық циклінің нәтижелері бойынша өткізілмесе, Басқарушы компания оны кейіннен өткізу мақсатында активтің өзекті нарықтық құнын айқындау үшін активті қайта бағалауды жүргізеді. Егер жалғыз қатысушы бастапқы бағадан төмен емес баға ұсынса, актив сауда-саттықтың жалғыз қатысушысына өткізіледі. Бағаны өзгерту қадамы мынадай тәртіппен белгіленеді: 1) активтің айлық есептік көрсеткіштің 20000 еселенген мөлшеріне дейінгі мөлшердегі бастапқы немесе ағымдағы бағасы кезінде өзгеріс қадамы 10 (он) пайыз мөлшеріндегі бағаны көтеруге арналған аукционда белгіленеді; 2) активтің бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіштің 20000-нан 50000 еселенген мөлшеріне дейінгі мөлшерде болған кезде өзгеріс қадамы 7 (жеті) пайыз мөлшерінде бағаны көтеруге арналған аукционда белгіленеді; 3) активтің бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіштің 50000 еселігінен 100000 еселенген мөлшеріне дейінгі мөлшерде болған кезде өзгерту қадамы 5 (бес) пайыз мөлшерінде белгіленеді; 4) активтің бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіштің 100000 еселенген мөлшерінен 250000 еселенген мөлшеріне дейінгі мөлшерде болған кезде өзгеріс қадамы бағаны 2,5 пайыз мөлшерінде көтеруге арналған е аукционына белгіленеді; 5) активтің айлық есептік көрсеткіштің 250000 еселігінен 500000 еселенген мөлшеріне дейінгі мөлшердегі бастапқы немесе ағымдағы бағасы кезінде өзгеріс қадамы 1 (бір) пайыз мөлшердегі бағаны көтеруге арналған аукционда белгіленеді; 6) активтің бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 500000 еселенген мөлшерінен және одан жоғары болған кезде өзгеріс қадамы бағаны 0,5 пайыз мөлшерінде көтеруге арналған аукционда белгіленеді. Бағаны өзгерту қадамын белгілеу аралығы 5 (бес) минутты құрайды.»; 77- тармақ алып тасталсын; 78 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «78. Егер активті өткізу активтің жеке ерекшеліктерін ескере отырып, әлеуетті сатып алущыға қойлатын ерекше талаптар мен шарттарды қосудыталап етсе, Басқарушы компания тізілімнің веб-порталында мынадай мәлеметтерді көрсете отырып, коммерциялық конкурс жариялауға құқылы: 1) активті өткізудің бастапқы бағасы; 2) кепілдік жарнаның мөлшері; 3) 60 (алпыс) айдан аспайтын бөліп төлеу мерзімін (активті бөліп төлеу арқылы өткізу кезінде). Бұл ретте бөліп төлеуге активтің бағалау құнының 50 (елу) пайызынан аспайтын сома беріледі, кейіннен енгізілетін сомаларға сатып алу-сату шарты жасалған күні қолданыста болған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі негізге алына отырып, сыйақы есептеледі (активті бөліп төлеу арқылы өткізу кезінде); 4) активті өткізудің өзге де шарттары; 5) әлеуетті сатып алушыға қойылатын талаптар.»; мынадай келесі мазмұндағы 78-1, 78-2, 78-3, 78-4, 78-5, 78-6, 78-7, 78-8, 78-9, 78-10, 78-11, 78-12 және 78-13 - тармақтармен толықтырылсын: «78-1. Бірінші коммерциялық конкурсқа актив алғашқы бағасының 100 (жүз) пайызы мөлшерінде бастапқы бағаны белгілей отырып қойылады. Екінші коммерциялық конкурсқа актив алғашқы бағасының 100 (жүз) пайызы мөлшерінде бастапқы баға белгіленіп, бөліп төлеу қолдана отырып қойылады. Үшінші коммерциялық конкурсқа актив алғашқы бағасының 85 (сексен бес) пайызы мөлшерінде бастапқы бағаны белгілей отырып қойылады. Төртінші коммерциялық конкурсқа актив алғашқы бағасының 85 (сексен бес) пайызы мөлшерінде бастапқы баға белгіленіп, бөліп төлеуді қолдана отырып қойылады. Бесінші коммерциялық конкурсқа актив алғашқы бағасының 70 (жетпіс) пайызы мөлшерінде бастапқы бағаны белгілеп бөліп . Алтыншы коммерциялық конкурсқа актив алғашқы бағасының 70 (жетпіс) пайызы мөлшерінде бастапқы бағаны белгілеп, бөліп төлеуді қолдана отырып қойылады. Басқарушы компания коммерциялық конкурс нысанындағы әрбір келесі сауда-саттықты алдыңғы коммерциялық конкурс өткізілген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей жариялайды. Егер актив алтыншы сауда-саттықтың нәтижелері бойынша өткізілмесе, Басқарушы компания оны кейіннен өткізу мақсатында активтің өзекті нарықтық құнын айқындау үшін қайта бағалау жүргізеді. 78-2. Коммерциялық конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін Басқарушы компания Басқарушы компанияның қызметкерлері қатарынан конкурстық комиссия құрады. Конкурстық комиссияның құрамы мен хатшысын Басқарушы компанияның атқарушы органы бекітеді. 78-3. Коммерциялық конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қатысуға жіберілген қатысушыларды айқындау мақсатында конкурстық комиссияның мүшелері тізілімнің веб-порталында қарайды. 78-4. Басқарушы компания тіркеген және (немесе) коммерциялық конкурсқа қатысуға жіберген қатысушылар болмаған жағдайда, коммерциялық конкурс өткізілмеді деп танылады. 78-5. Конкурстық комиссия коммерциялық конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер ашылған күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде ұсынылған өтінімдерді (конкурстық өтінім мен баға ұсынысын қоспағанда) қарайды және коммерциялық конкурс қатысушыға оның өтінімінде сауда-саттық туралы хабарлама талаптарына анықталған сәйкессіздіктер (болған кезде) оның электрондық поштасына хабарлама жіберу арқылы коммерциялық конкурсқа қатысушыға хабарлайды. 78-6. Хабарлама коммерциялық конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер ашылған күннен бастап күнтізбелік 4 (төрт) күн ішінде конкурстық комиссияның хатшысы тізілімнің веб-порталында қалыптастыратын өтінімдерді ашу хаттамасының негізінде жасалады. Өтінімдерді ашу хаттамасына конкурстық комиссияның мүшелері өтінімдер ашылған күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде ЭЦҚ пайдалана отырып қол қояды. Конкурстық комиссия мүшесінің өтінімдерді ашу хаттамасына қол қою мүмкіндігі болмаған жағдайда, конкурстық комиссияның хатшысы осы хаттамада ЭЦҚ-ның болмау себебі туралы ақпаратты көрсетеді. 78-7. Өтінімдерді ашу хаттамасында мыналар айқындалады: 1) конкурстық комиссия өтінімдерді ашу хаттамасына қол қойған күннен бастап күнтізбелік 7 (жеті) күннен ерте емес мерзімге тағайындалатын коммерциялық конкурсқа қатысушылардың өтінімдерін қайта ашу күні мен уақыты; 2) коммерциялық конкурс шарттарына сәйкес келетін қатысушылардың тізімі; коммерциялық конкурс шарттарына сәйкес келмейтін қатысушылардың тізімі және олардың сәйкес келмеу себептері. Мұндай қатысушылар өтінімдер қайта ашылатын күнге дейін тізілімнің веб-порталында қатысушының ЭЦҚ-сымен қол қойылған қосымша өтінімді (конкурстық өтінім мен баға ұсынысын қоспағанда) қалыптастыру арқылы анықталған сәйкессіздіктерді жояды. 78-8. Конкурстық комиссия өтінімдер ашылған күннен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде (конкурстық комиссия қол қойған өтінімдерді ашу хаттамасына сәйкес коммерциялық конкурсқа қатысушылардың өтінімдеріне ескертулер болмаған кезде) не өтінімдер қайта ашылған күннен бастап коммерциялық конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді, оның ішінде конкурстық өтінімді қарайды және конкурстық комиссияның хатшысы тізілімнің веб-порталында қалыптастырған коммерциялық конкурсқа жіберу туралы хаттамаға қол қояды. Конкурстық комиссия мүшесінің коммерциялық конкурсқа жіберу туралы хаттамаға қол қою мүмкіндігі болмаған жағдайда, конкурстық комиссияның хатшысы осы хаттамада ЭЦҚ-ның болмау себебі туралы ақпаратты көрсетеді. 78-9. Конкурстық комиссияның коммерциялық конкурсқа қатысушыларды аукционға жіберу туралы шешімі конкурстық комиссияның барлық мүшелері коммерциялық конкурсқа жіберу туралы хаттамаға ЭЦҚ пайдалана отырып қол қойған сәттен бастап тізілімнің веб-порталында автоматты түрде жарияланады және коммерциялық конкурсқа қатысуға өтінім берген барлық қатысушыларға электрондық пошта арқылы автоматты түрде хабарлама жіберіледі. 78-10. Коммерциялық конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттама мынадай ақпаратты қамтиды: 1) аукционға қатысуға жіберілмеген қатысушылардың себептері көрсетілген тізімі; 2) аукцион өткізілетін күні мен уақыты көрсетілген, аукционға қатысуға жіберілген қатысушылардың тізімі. 78-11. Аукционды өткізу күні мен уақытын тізілімнің веб-порталы конкурстық комиссияның коммерциялық конкурсқа қатысушыларды аукционға жіберу туралы шешімі тізілімнің веб-порталында жарияланған күннен бастап бірінші жұмыс күніне автоматты түрде тағайындайды. 78-12. Аукционға жіберілген коммерциялық конкурсқа қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ-ны және тізілімнің веб-порталы беретін аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді. 78-13. Аукцион тізілімнің веб-порталы тағайындаған уақытта Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден 17:00-ге дейінгі кезеңде басталады, бұл ретте аукцион сағат 15:00-ден кешіктірілмей басталып, мынадай тәртіппен өткізіледі: 1) аукцион басталған кезде аукцион залында коммерциялық конкурсқа қатысушылардың өтінімде көрсетілген, Басқарушы компания белгілеген бастапқы бағадан төмен болмайтын баға ұсыныстары көрсетіледі және ағымдағы баға қалыптастырылады; 2) аукцион басталған сәттен бастап қатысушыға басқа қатысушының ең жоғары ағымдағы бағасын осы Қағидалардың 73-тармағына сәйкес белгіленген қадамға ұлғайту мүмкіндігі беріледі; 3) егер аукцион басталғаннан кейін 20 (жиырма) минут ішінде қатысушылардың ешқайсысы ең жоғары ағымдағы бағаны ұлғайтпаса, оны ұсынған қатысушы жеңімпаз деп танылады, ал осы лот бойынша аукцион өткізілді деп танылады; 4) егер аукцион басталғаннан кейін 20 (жиырма) минут ішінде аукцион залындағы қатысушылардың бірі басқа қатысушының ең жоғары ағымдағы бағасын осы Қағидалардың 73-тармағына сәйкес белгіленген қадамға ұлғайту арқылы активті сатып алуға ниетін растаса, ағымдағы баға белгіленген қадамға ұлғайтылады; 5) егер ағымдағы баға ұлғайтылғаннан кейін 20 (жиырма) минут ішінде қатысушылардың ешқайсысы ағымдағы бағаны ұлғайту арқылы активті сатып алуға ниетін растамаса, активті сатып алуға ниетін соңғы болып растаған қатысушы жеңімпаз деп танылады, ал аукцион өткізілді деп танылады. Егер бағаны көтеру аукционы сағат 17:00-де аяқталған кезде аукцион жеңімпазы айқындалмаса, активті сатып алуға ниетін соңғы болып растаған қатысушы жеңімпаз деп танылады және осы актив бойынша аукцион өткізілді деп танылады. Егер аукцион басталған кезде екі және одан да көп қатысушының баға ұсыныстарында актив үшін бірдей ең жоғары баға көрсетілсе және осы ағымдағы баға 20 (жиырма) минут ішінде ұлғайтылмаса, осы қатысушылардың арасынан өтінімі бірдей ең жоғары баға ұсынылған басқа қатысушылардың өтінімдерінен бұрын қабылданған қатысушы аукцион жеңімпазы деп танылады.»; 79-тармақ келесі редакцияда жазылсын: «79. Егер Қазақстан Республикасында орналасқан актив осы Қағидалардың 64-тармағында көзделген тәсілдермен өткізілмесе, активті өткізу оны нақты өткізгенге дейін, оның ішінде басқарушы компанияның халықаралық алаңдарда және (немесе) платформаларда активті өткізу құқығымен жүзеге асырылады.»; 86-тармақ келесі редакцияда жазылсын: «86. Активті өткізу кезінде активке меншік құқығын қайта ресімдеуге байланысты шығыстар активті сатып алушыға жүктеледі.»; 87-тармақ келесі редакцияда жазылсын: «87. Заң шеңберінде қайтарылған активтерді басқару бойынша әрекет нәтижесінде түскен қаражат басқарушы компанияның жеке шотында жинақталады және 7 (жеті) жұмыс күні ішінде активтерді меншікке қабылдауға, басқаруға және (немесе) өткізуге байланысты Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомаларын, сондай-ақ төлеу осы Қағидалардың 10-тарауында айқындалған комиссиялық сыйақыны шегергенде арнаулы мемлекеттік қорға аударылады.». Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін: осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Лауазымы Аты-жөні
Жарияланды:
Хаттама
Шымкент қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді қоғамдық талқылаудың хаттамасы
Шымкент қаласы 12 маусым 2026 жыл Төрағалық етуші: Сарыпбеков Канат Нургалиевич – басшының орынбасары; Қатысқан жұмыс тобының мүшелері: Анартаев Серик Елеусизович – Заңды тұлғалармен жұмыс және мүлікті иелену бөлімінің басшысы; Сарсеев Руслан Оразбекович – Жекелеген негіздер бойынша түскен мүлікпен жұмыс бөлімінің басшысы; Намазбаева Гульзада Конысбаевна – Активтерді басқару бөлімінің басшысы. Қатысқандар: жұмыс тобы Тыңдалды: Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы №410 Заңының 8-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына, Департаменттің 2026 жылғы 25 мамырдағы №66 сәйкес жұмыс тобы департаменттің қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижесіне қоғамдық талқылауды өткізді. 2026 жылдың 8 маусымында ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің сайтында, сонымен қатар Департаменттің инсаграмында қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижесіне қоғамдық талқылау өткізудің басталғаны туралы анонс жарияланды. Талдаудың мәні болып мыналар анықталды: 1)Департаменттің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау; 2)Департаменттің ұйымдастырушылық – басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. Талданатын кезең: 2026 жылдың екінші жартыжылдығы. Ішкі талдау қорытындысы бойынша жұмыс тобымен аналитикалық анықтама дайындалды. Талқылау қорытындысы бойынша келесі ұсынымдар берілді: Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың аналитикалық анықтамасына белгіленген мерзімде қол қойылсын; Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың нәтижесі бойынша анықталған жағдайда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар Жоспары әзірленсін. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың нәтижесі бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлар анықталған жоқ. Жұмыс тобы құрамы: Сарыпбеков К.Н. _________________________ Анартаев С.Е. _________________________ Сарсеев Р.О. _________________________ Намазбаева Г.К. _________________________
Жарияланды:
Анықтама
Аналитическая справка gо результатам внутреннего анализа коррупционных рисков за 1 полугодие 2026 года Департамента государственного имущества и приватизации города Шымкент
Шымкент қ. 25 маусым 2026 жыл Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің (бұдан әрі – Департамент) 2025 жылғы 13 маусымдағы №81 бұйрығы негізінде, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қағидаларына сәйкес департаменттің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу үшін жұмыс тобы құрылды. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидасына сәйкес Департамент келесі бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді: 1) Департаменттің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау; 2) Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. Жұмыс тобы департаменттің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді («Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы, «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңы, «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға беру қағидалары») зерделеді. (жалдау)» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 17.03.2015 жылғы №212 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидалары» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі №833 «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (алынған) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 16 шілдедегі №17 қаулысы. және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы №227 «Тәркіленген мүлікті мүлікті тәркілеу бөлігінде шешімнің негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы. мүлікті мемлекетке беру»). Мемлекеттік мекеменің Ережесін зерделеу барысында департаменттің қызметін қозғайтын 27 функцияға талдау жасалды. Рұқсат беру және бақылау функцияларын жүзеге асыру, мемлекеттік қызметтер көрсету Департамент туралы ережеде көзделмеген. Талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін өкілеттіктер мен нормалар анықталған жоқ. Департаменттің мемлекеттік қызметшілеріне қатысты жағымсыз материалдарды анықтау бойынша БАҚ мониторингі жүргізілді, фактілер анықталған жоқ. Ұйымдастыру-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдау: Персоналды басқару; Басышылық құрылым 2 бірлікті құрайды және 3 бөлімнен тұрады: -заңды тұлғалармен жұмыс және мүлікті басқару бөлімі – 2 бірлік; -жекелеген негіздер бойынша түскен мүлікпен жұмыс бөлімі – 2 бірлік; -активтерді басқару бөлімі – 3 бірліктен тұрады. Жалпы департаменттің штаттық саны 9 бірлікті құрайды. Қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасап жауапкершілікке тартылғандар болған жоқ. Өз лауазымдық міндеттерін орындау барысында материалдық сыйақылар мен сыйлықтар алу фактілері болған жоқ. Жақын туыстарының, ерлі-зайыптылардың және жекжаттардың бірлескен қызмет (жұмыс) фактілері жоқ; Барлық мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында лауазымды тұлғалар үшін белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдар туралы қол қоюмен уақытылы таныстырылған. - Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша мүдделер қақтығысы анықталған жоқ. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар жоқ. - Прокурорлық қадағалау актілері түскен жоқ. Республикалық меншiк объектiлерiн жекешелендiру және мемлекет кiрiсiне айналдырылған мүлiктi сату халыққа барынша ашық және қолжетімді электрондық форматта жүзеге асырылады, жоспарланған аукциондар туралы ақпараттық хабарландырулар «Мемлекеттік тізілімнің» веб-порталында орналастырылады, бағалау объектілерді мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша анықталатын тәуелсіз сарапшылар жүзеге асырады. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген республикалық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларына сәйкес республикалық меншік объектілерін мүліктік жалға (жалға) беру ) барлық сыбайлас жемқорлық тәуекелдері алынып тасталған электрондық форматта да өткізілетін тендерлік негізде жүзеге асырылады. Жоғарыда айтылғандардың негізінде жұмыс тобы департаменттің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмаған деген қорытындыға келді. Қорытындылар мен ұсыныстар: Сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін проблемалық мәселелер жоқ; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақтылықты дамыту мақсатында Департамент қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық қылмыстың салдары және оларды жауапкершілікке тарту бойынша нақты шаралар туралы ақпаратпен қамтамасыз ету; Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында әр тоқсанда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың салдары бойынша семинар-кеңес өткізу; Департаменттің қызметінің мәселелері бойынша БАҚ-пен өзара іс-қимылды жалғастыру (Медиа-жоспарға сәйкес мақалалар жариялап отыру). Жалпы жұмыс тобы нормативтік құқықтық актілердің нормалары арасындағы қайшылықтарды немесе шешімдер қабылдау кезінде нормалардың қайталануын анықтаған жоқ. Есепті кезеңде департаментке заңды және жеке тұлғалардан 9 өтініш түсті. Оның ішінде 3 өтініш өз құзыреті шегінде басқа мемлекеттік органдарға жолданса, 6 өтініш белгіленген мерзімде қаралып, жауаптар берілді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың нәтижесі бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлар анықталған жоқ. Департамент басшысының орынбасары Сарыпбеков К.Н. Заңды тұлғалармен жұмыс және мүлікті иелену бөлімінің басшысы Анартаев С.Е. Жекелеген негіздер бойынша түскен мүлікпен жұмыс бөлімінің басшысы Сарсеев Р.О. Активтерді басқару бөлімінің басшысы Намазбаева Г.К.