Шығыстарды өтеу ұғымы және қандай шығыстар кейiннен сатып алу құқығымен мүлікті сенiмгерлік басқару кезінде өтеледі?
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы
16 қаңтардағы №17 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларының 3.2-тармағына сәйкес сенiмгерлiк басқарушының мүлiктi сенiмгерлiк басқару кезiнде шығыстарын өтеу кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілген объектілер бойынша сеніп берілген мүлікті пайдаланудан түскен кірістер есебінен жүзеге асырылады.
Сенімгерлік мүлікті пайдаланудан түскен кірістер есебінен қайтаруға болжанатын шығыстардың ұғымы мен мазмұны аталған объектілерді сенімгерлік басқару шарттарын жасасу кезінде ескерілуі тиіс.