Неге Мемлекеттік мүлік Тізілімінің веб-порталында www.gosreestr.kz жеңімпаз туралы мәліметтер көрсетілмейді және сату объектісі қандай бағамен сатылды?
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату Қағидаларының 31-тармағына сәйкес сатушы мен Бірыңғай операторға, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, сауда-саттықты дайындау мен өткізудің бүкіл кезеңі ішінде сауда-саттыққа қатысушыларға қатысы бар ақпаратты жария етуге жол берілмейді.
Объектіні сату бағасы Мемлекеттік мүлік Тізілімінің веб-порталының электрондық сауда алаңында көрсетіледі және барлық пайдаланушыларға қолжетімді.