Мемлекеттің бақылау қатысуы бар мемлекеттік мүлікті акционерлік қоғамға (жауапкершілігі шектеулі серіктестікке) сенімгерлік басқаруға беру мүмкін бе? Қандай мәселелер ескерілуі қажет?
Қазақстан Республикасы заңнамасымен акционерлік қоғамға (жауапкершілігі шектеулі серіктестікке) мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендерлерге қатысу тыйым салынбайды.
Алайда, мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендерлерге қатысу кезінде, берілетін объектінің ерекшелігін ескере отырып, акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) жүзеге асырылатын қызмет түрлерін кеңейтуді және (немесе) өзгертуді жоққа шығарылмайтынын атап өткен жөн.
Бұдан басқа, мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың қызметі, әдетте, мемлекеттік міндеттерді іске асырумен байланысты және оның ішінде тиісті бюджет қаражатынан қаржыландырылатынын ескере отырып, акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендерлерге қатысуын қабылдау туралы шешім сенімгерлік басқаруға байланысты ықтимал қаржылық міндеттемелерді қабылдау ескеріле отырып қабылдануға тиіс.