«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
8-бабының 7-тармағына, 14-бабының 23-2) тармақшасына және 130-бабының
2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мүлік тізілімінде таратылған мемлекеттік заңды тұлғаның кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлкін қайта бөлу бойынша пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2027 жылғы 31 тамызға дейін қолданылады.
Лауазымы |
Аты-жөні |